Перейти к содержимому
Главная страница » «СДУ-ге грант ұтып ал!» эссе байқауы өтеді

«СДУ-ге грант ұтып ал!» эссе байқауы өтеді

Алматы облысында орналасқан Сулейман Демирель атындағы университеттің Журналистика мектебі 11-сынып оқушылары арасында «Журналист болғым келеді» атты II республикалық эссе байқауын өткізеді.

Бұл шара қазақ телевизиясының 65 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Байқаудың негізгі мақсаты – журналист болуды армандайтын оқушылардың білім грантын жеңіп алуына мүмкіндік беру. Одан бөлек, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, журналистика мамандығына қызығушылығын арттыру және шығармашылық ізденіске жұмылдыру.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең онлайн тест форматында 22 сәуірде, екінші кезең – эссе жазу 5 мамыр күні СДУ базасында өтеді.

«Эссе конкурсы бойынша I орын алған оқушыға СДУ-дың 4 жылдық білім гранты, II орынға 50 пайыздық, III орынға 30 пайыздық жеңілдік беріледі. Байқау жеңімпаздарына сертификат пен бағалы сыйлықтар табыс етіледі», – деп жазды университеттің баспасөз қызметі.

Білім грантын табыстау мен атаулы шараның салтанатты жабылу рәсімі 6 мамыр күніне жоспарланған.
Тіркелу 2023 жылғы 21 сәуір сағат 00:00 аяқталады.

Тіркелу формасы: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfqKfxCECAYoT7e2Cen4ymNwSx5o_nyZnH-lF70aFnE7MMgdQ/viewform?usp=sf_link