-13 °c
Qonaev
Monday, June 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Сенат төрағасы Алматы облысының мәслихат депутаттарымен кездесті

    26.04.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Өңір тынысы, Саясат, Үкімет, Экономика
    Сенат төрағасы Алматы облысының мәслихат депутаттарымен кездесті
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысы мәслихатының депутаттарымен кездесіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындаған міндеттерді талқылады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде Сенаттың мәслихаттармен өзара іс-қимылының жаңа форматы жөнінде де сөз қозғалды.

    Өз сөзінде Палата спикері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте ел Президенті жүктеген міндеттерді сапалы әрі жедел іске асыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палата екенін тілге тиек етіп, алдағы уақытта да мәслихаттармен байланыс күшейе түсетінін жеткізді.

    Осыған орай Сенат Төрағасы алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындап берді. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қазіргі таңда жаңа формациядағы заңдарды әзірлеп, қабылдау жұмысына мәслихат депутаттарын белсенді жұмылдырған жөн. Ал, сенаторлар өңірлердің даму мәселелеріне баса мән беруге және жүйелі проблемаларды шешуге заңнамалық тұрғыдан ықпал етуге тиіс.

    «Әр өңірде өзіне тән өзекті мәселелер бар. Олардың басым көпшілігі, Президентіміз атап көрсеткендей, инфрақұрылымға, әлеуметтік нысандарға, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қатысты. Сенат депутаттары осы мәселелерді орталық деңгейде жүйелі түрде көтеріп, олардың оң шешілуіне ықпал етеді. Былтыр Парламент 86 заң қабылдады. Олардың 13-іне депутаттардың өздері бастамашы болды. Қабылданған заңдардың бәрі елдің дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бүгінде Президентіміз бекіткен он ұлттық жоба іске асырылуда. Оның бәрі – өңірлерге тікелей қатысы бар құжаттар. Бәріміз бірге олардың сапалы және жедел іске асырылуын қамтамасыз етуіміз керек», – деген Мәулен Әшімбаев әріптестерін Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру жолында жұдырықтай жұмылуға шақырды.

    Сенат Спикері бүгінде елімізде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын, соның барысында мәслихаттардың рөлін арттыру да маңызды қадам екенін айтты. Мәулен Әшімбаев қазірдің өзінде қолданыстағы заңнамаларға бірқатар мемлекеттік функцияны орталықтан өңірлерге беретін тиісті түзетулер енгізілгеніне назар аударды. Алдағы айларда осы бағытта тағы біраз жаңа нормалар қабылданады.

    «Бүгінде Президентіміз басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне үлкен мән беріп отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жуырда әкімшілік реформалар бойынша бірқатар заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде, Үкіметтің біраз функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді. Әкімшілік реформаның келесі кезеңінде біқатар құзырет жергілікті билік органдарына берілуге тиіс. Осыған қатысты тиісті заңдарды алдағы айларда қабылдауды жоспарлап отырмыз. Жалпы, әкімшілік өзгерістердің жаңа кезеңі жергілікті өкілді органдардың құзыретін кеңейтуге жол ашады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

    Палата Төрағасы мәслихаттарға материалдық-техникалық және әдістемелік көмек көрсету мәселесіне де тоқталып өтті. Осыған орай Мәулен Әшімбаев мәслихат депутаттарына арналған тұрақты семинарлар, тренингтер және тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынды. Мұндай бастамалар жергілікті өкілді орган депутаттарының біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретіні анық.

    Tags: мәслихатсенат

    Ұсынымдар

    Ұйғыр ауданында спорт кешені ашылды

    Ұйғыр ауданында спорт кешені ашылды

    2 years ago
    Алатау арланы анықталды

    Алатау арланы анықталды

    1 year ago

    Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен саласы Кеңесінің отырысы өтті

    2 years ago
    Халықтық штаб мүшелерінің кездесуі Қараойда жалғасты

    Халықтық штаб мүшелерінің кездесуі Қараойда жалғасты

    9 months ago
    Ауылшаруашылығы құрылымдарына дизель жеткізетін операторларды айқындауға өтініш беру басталады

    Ауылшаруашылығы құрылымдарына дизель жеткізетін операторларды айқындауға өтініш беру басталады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>