-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сингапур сауда және индустрия министрлігінің делегациясы Алматы облысына келді

    26.04.2023
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Экономика
    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Сингапурдың сауда және индустрия министрлігінің делегациясымен кездесті.

    Қос тараптың кездесуінде екі жақты әріптестік қарым-қатынасты нығайту, қала құрылысы мен G4 City жобасы талқыланды.

    Кездесу барысында қонақтар 2006 жылы Сингапурдың сауда және индустрия министрлігінің қолдауымен құрылған «Singapore Cooperation Enterprise» агенттігінің жұмысымен танысты.

    «Singapore Cooperation Enterprise» агенттігі Қазақстанда 2018-2020 жылдары «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ-мен қолжетімді тұрғын үй құрылысы саласын реформалау саласындағы ірі жобаның екі кезеңін де табысты жүзеге асырған.

    «Орталық Азия елдерін алатын болсақ, біз үшін Қазақстанның маңызы зор. Бұл сапарымызда сіздің өңірмен қатар, Алматы мен Астана қалаларына баруды жоспарлап отырмыз. Сіздердің аймаққа келіп, ауқымды жұмыс атқаруға болатынына көз жеткіздік. Мұнша үлкен жерді дұрыс мақсатта пайдалану керек. Сингапурда сіздердегідей жер жоқ», – деді Сингапур мемлекетінің сауда және индустрия министрлігінің дамушы нарықтар департаментінің директоры Дениз Перейра.

    Ал облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңадан құрылған облыс орталығында атқарылар жұмыстардың көп екенін айтты.

    «Сіздер қазір Алматы облысының орталығы Қонаев қаласындасыздар. Бұл шаһар 1970 жылы салынған. Өз тарихында алғаш рет облыс орталығы болып түлеген жайы бар. Аталған мекенге келіп, жұмыс жасап жатқанымызға жаздың алғашқы айында бір жыл болады. Аймақты дамыту үшін қолға алған істер өте көп. Мәселен, мемлекет басшысымен G4 City жобасының тұжырымдамасы бекітіліп, ел Үкіметімен арнайы экономикалық аймақты құрудың Қаулысы қабылданды. Бұның барлығы алдағы жобаларды іске асыруға жасалған алғашқы қадамдар», – деп атап өтті облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

    Сондай-ақ аймақ басшысы Алматы облысының Өңірлік даму орталығы құрылғанын, соның негізінде «Singapore Cooperation Enterprise» агенттігімен өзара сауда ынтымақтасытығын арттыру және өзгеде экономикалық жобаларды қолдау мақсатында бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік бар екенін айтты.

    «Біздің өңірде туризм саласында үлкен істер бастауға мүмкіндік көп. Сонымен қатар аймақта ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Біздегі экологиялық таза өнімдер орасан зор сұранысқа ие. Жоғары деңгейдегі трансұлттық компаниялардың басым бөлігі Алматы облысында орналасқан», – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Өз кезегінде сингапурлықтар ең алдымен туризм жайын егжей-тегжейлі зерттеп, алғашқы жұмысты осы сала бойынша бастау тиімді екенін жеткізді.

    «Сіз атап өткен құрылыс, энергетика сынды салаларда Сингапурдың өзіне тән тәжірбиесі бар. Алдағы уақытта сіздермен бірлесе еңбек етеміз деген ойдамын. Болашақта үлкен экономикалық жұмыстарды жүргізу үшін алдымен туризм бағытында жобаларымызды жүзеге асырып көру тиімді болар. Өзге де жұмыстарға білек сыбана кірісе жатармыз. Ол үшін сіздердің тараптарыңыздан қолдау көрсету маңызды», – деп қорытындылады Дениз Перейра.

    Alatau News

    Ұсынымдар

    Мерекедегі мерейлі сәт

    Мерекедегі мерейлі сәт

    10 months ago
    Үкімет жанармай қымбаттауының инфляцияға әсерін азайту шараларын қабылдайды

    Үкімет жанармай қымбаттауының инфляцияға әсерін азайту шараларын қабылдайды

    2 years ago
    Конституция күніне орай салтанатты шара өтті

    Конституция күніне орай салтанатты шара өтті

    9 months ago
    Алматы облысында жаңа қала пайда болмақ

    Алматы облысында жаңа қала пайда болмақ

    2 years ago
    Қарасудағы қуаныш

    Қарасудағы қуаныш

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>