Білім – асыл қазына. Білім сонау ғасырлардан адам баласына танылған. Күллі адамзат өмірін білімге арнайды. Себебі білім ұрпақтан ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие.
Қай кезде де шетелде білім алу адамның таным көкжиегін кеңейтетіні белгілі. Оқушы білім алумен қатар сол елдің мәдениетімен етене танысып, өз туған жерімен салыстыра қарайды. Өзге елдің даму үрдісін байқайды, тәжірибе жинақтайды. Дегенмен, шетелде білім алудың пайдалы тұстарымен қатар, қатерлі тұстары да қатар жүретіні сөзсіз. Оның бірі – деструктивті діни ағымдардың ықпалында қалу қаупі.
Қазақстан Дін істері жіне азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің 2014 жылғы шешіміне сәйкес ел азаматтары үшін білім алуға лайықты, дипломы Қазақстан аумағында жарамды деп танылған 39 теологиялық шетелдік ЖОО тізімі жарияланған.
Ислам діні бағытында:
• 1) Стамбул университеті
• 2) Мармара университеті
• 3) Анкара университеті
• 4) Селжук
• 5) Хасеки
• 6) Неджметтин Ербакан
• 7) Улугдаг
• 8) Сахария
• 9) Эрджиес
• 10) Қарабұк
• 11) Ыстамбұл 29 Майыс университеті
• 12) Фатих Сұлтан Мехмет университеті
• 13) Әл-Азхар
• 14) Халықаралық ислам университеті
• 15) Султан Азлан Шах Ислам университеті
• 16) Мелака Ислам колледж университеті
• 17) Малайзияның ислам ғылыми университеті
• 18) Сұлтан Зайнал Абидин атындағы университеті
• 19) Мәскеу ислам университеті
• 20) Ресей Ислам институты
• 21) Ташкент ислам
• 22) Иордан университеті
• 23) Дүниежүзілік ислам ғылым және білім университеті
• 24) Ярмук университеті.
Христиан діні бағытында:
• 25) Мәскеу рухани академиясы
• 26) Санк-Петербург рухани академиясы
• 27) Сретен рухани академиясы
• 28) Кирилл мен Мефодий атындағы жалпы шіркеулік аспирантура және докторантура
• 29) Санкт-Петербург христиан университеті
• 30) Інжілдік-лютерандық шіркеудің теологиялық семинариясы
• 31) Сібір інжілдік-лютерандық шіркеуінің теологиялық семинариясы
• 32) Орыс христиан гуманитариалық академиясы
• 33) Мәскеу теологиялық институты
• 34) Киев рухани академиясы
• 35) Минск рухани академиясы
• 36) Canada Christian College
• 37) TCM International Institute
• 38) Victory College
• 39) Tung Ling Bible Shool.
Алайда бұған қарамастан, кейбір азаматтар күмәнді шетелдік діни оқу орындарын таңдап жүр.
Рұқсат етілмеген шетелдік теологиялық оқу орындарында білім алған адам деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсіп қалуы ықтимал. Ол діни мекемелерде дәріс беретін оқытушылар мен олардың оқытатын пәндері еліміздегі дәстүрлі діни бағыттарға қайшы келіп, ол білімд алған азаматтар еліміздің ұлтаралық, конфессияаралық достастығын бұзып, әдет-ғұрпымыз, салт-санамызға қарсы шығуы мүмкін.
Бүгінгі күні Алматы облысында шетелдік діни мекемелерде оқитын жалпы саны 26 студент бар. Олардың 19-ы Қазақстан үкіметі мақұлдаған, ал 7-еуі мақұлдамаған діни оқу орындарында білім алып жүр.
«Алматы облысының Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері аталған азаматтармен тиісті жұмыс жүргізеді. Тыйым салынған оқу орындарында оқитын студенттерге олардың дипломының Қазақстанда жарамайтынын түсіндіреді. Оқушылардың өзімен және ата-аналарымен жеке кездесу барысында немесе онлайн форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Түсіндіру жұмыстары кезінде Отандық теологиялық оқу орындарының артықшылығы туралы айтылады. Басқарманың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда тұрақты түрде діни білім беру орталықтары туралы түсіндірме бейнероликтер, жазбалар жарияланады.
Осы жұмыстардың нәтижесінде облысымыздың үш азаматы елге қайтарылды. Олар еліміздегі діни оқу орындарына түсіп, білімін жалғастырып жатыр. Мектеп бітіруші түлектерге және шет елдерде діни білім алғысы келетін азаматтарға шетелдік діни оқу орындарына бармай-ақ, отандық білім ордаларында діни білімнің негізін қалыптастырған жөн екенін айтқым келеді.
Қазіргі таңда елімізде діни факультеттер жұмыс істейтін 5 жоғары оқу орны бар. Олар – «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ, Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Сондай-ақ 9 медресе-колледжде діни білім алуға болады. Олар – «Сарыағаш» медресе-колледжі, «Астана» медресе-колледжі, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі, «Һибаттулла Тарази» медресесі, «Үшқоңыр» медресе-колледжі, «Шымкент» медресе-колледжі, «Әбу Ханифа» медресе-колледжі, «Ақтөбе» медресе-колледжі, «Орал» медресе-колледжі.
Қорыта айтқанда, діни білімнің негізін шетелде алудың өзіндік тәуекелдері бар. Осыған сәйкес шетелде діни білім алуға ниетті талапкерлерге облыстық Дін істері басқармасы мамандарының кеңесіне жүгінуді қажет деп есептейміз.
Қанат Садуақасов,
Діни бірлестіктермен өзара
іс-әрекет және ведомствоаралық
өңірлік қызметті қамтамасыз
ету бөлімінің басшысы