9 мамырда Алматы облысының Іле өзені аңғарында Adrenaline Tengri Ultra марафоны аяқталған. Марафон кезінде 1982 жылы туған спортшы 15 шақырымды аяқтауға бірнеше метр қалғанда құлап, ұзамай қайтыс болған. Осы оқиғаға байланысты әлеуметтік желіде медицина қызметкерлері көмекке кешігіп келді деген ақпарат тараған еді.
“Жедел жәрдем мамандары бірден көмек көрсетуге кіріскенімен, спортшы қайтыс болды. Желіде тараған медицина қызметкерлері 10 минуттан соң келді деген ақпарат жалған. Себебі, фельдшерлер күндіз-түні кезекшілікте еді», – делінген әкімдіктің ресми ақпаратында.
Айта кетейік, бұл марафонға биыл 2300 спортшы қатысты. Жарыс 7 мамыр мен 9 мамыр аралығында Іле өзенінің бойында өтті.