Бұл жайлы төтенше жағдай вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың өңірге сапары барысында мәлім болды. Қазіргі таңда облыста 13 төтенше жағдайлар бөлімі жұмыс істейді.
«Биыл Нарынқол ауылында бір бөлім ашылады деп жоспарланып отыр. Одан кейін, республикалық жоспар мен жергілікті жоспар бар. Соған сәйкес, тағы 4 бөлімнің құрылысы екі жыл ішінде басталуы қажет. Оның бірі – Қонаев қаласында», – деді вице-министр.
Сондай-ақ ол Алматы облысы бойынша төтенше жағдайдың call-орталығына 700 мың қоңырау түскенін атап өтті. Ал Қазақстан бойынша жедел желіге 1,5 млн тұрғын хабарласқан, яғни, төтенше жағдайлар бойынша республика бойынша шалынған қоңыраудың жартысына жуығы Алматы облысына тиесілі.
Alatau News