Аудан тұрғындарымен кездесуде үш ауысымды мектеп мәселесін қозғаған облыс әкімі мұнда 6456 оқушыға орын тапшы екенін атап өтті.
«Білім беру саласында өзекті мәселе – үш ауысымды оқытуды жою. Облыс бойынша осындай 52 мектептің 6-уы осы ауданда. Мектепте 6456 оқушыға орын жетпейді. Сонымен бірге 32 педагог маман тапшы», – деді Марат Сұлтанғазиев.
Бұл мәселені шешу үшін ауданда 14 мектеп салынады.
«Бұдан басқа, биыл Талғар қаласындағы политехникалық колледжі үшін 200 орындық жатақхана салу, агробизнес және менеджмент колледжіне арналған жатақхана ғимаратын қайта жаңарту жоспарланып отыр», – деді алдағы мақсаттар туралы бөліскен аймақ басшысы.
Сөз соңында әкім биыл 2 баланың өзіне қол салғанын айтып, аудандағы мектептерде профилактикалық жұмыс әлсіз екенін сынады.
Alatau News