Спортшылар аралас жұптық сында Италия-2 құрамасына жол берді. Алматы облысында стенд атудан өткен Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.
«Скит бағдарламасында аралас жұптық сында қазақстандық спортшылар Италия-2 құрамасына жол берді. Атап айтсақ, мұнда Таммаро Кассандро мен Кьяра Кайнеро (олимпиада чемпионы және күміс жүлдегері) сынға түсті. Ал қола медаль Италия-1 құрамасына бұйырды», – делінген ақпаратта.