Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет кеңесі өтіп, газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Кеңесте Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысып, жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру, тұрғындарды, өнеркәсіптік нысандар мен коммуналдық қызметтерді отынмен қамтамасыз ету шаралар, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелер талқыланды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде таяу жылдары республикада тауарлық газ өндірісі бірнеше есе артуға тиіс екені атап өтілді.
Бұдан бөлек, газ шығынын азайту, оны пайдалану тиімділігін арттыру және есепке алу шаралары қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдар мен мүдделі ұлттық компанияларға саланы дамыту шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.