-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Әкім Қарасай ауданындағы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды

    29.05.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Жоғары технология, Өңір тынысы, Экономика
    Әкім Қарасай ауданындағы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданына жұмыс сапарымен барып, жаңадан бой көтеріп жатқан әлеуметтік маңызы зор нысандармен танысты.

    Алдымен облыс басшысы «Алтын таға ӨК» ЖШС-не тиесілі жаңа кешенді аралап көрді. Жібек жолы ауылдық округінде салынып жатқан нысанның құрылысы әлі аяқталмаған. Мұнда барлығы 19 корпус бар. Болашақта үлкен индустриалдыөндірістік кешен болып ашылатын нысанның ерекшеліктері көп. Ауқымды жобаның құны – 32 млрд теңге әрі мұның барлығы да жекеменшік инвестиция есебінен жүзеге асырылады. Аталған зауытта жылына 14 мың тоннаға дейінгі мөлшерде дайын өнім шығарылады деп күтілуде. Сондай-ақ, 1200 жұмыс орнын құру жоспарланған.

    Облыс әкімінің сапары аясында Елтай ауылдық округіне қарасты Көкөзек ауылында салынатын «КТ&G» ЖШС-ның жобасы да СЫН-ЕСКЕРТПЕ АЙТЫЛДЫ таныстырылды. Бұл жерде электронды темекі өндіруге ден қойылып отыр. Жобаның құны – 200 миллион доллар. Өндірістік қуаты – жылына 108 миллион дайын өнім шығаруға қауқарлы. Маңызы зор кәсіпорында 500 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

    Жаңа зауыт туралы кәсіпорын директоры Ким Нам Хван баяндады. Жаңа жобалармен танысқан облыс әкімі атқарылуы тиіс шаруаларды созбаққа салмауды тапсырды. Өзінің жұмыс сапары барысында М. Сұлтанғазиев мектеп құрылысына байланысты жобаларға ерекше назар аударды. Облыс басшысы екі тұрғын үй кешенінің аумағын аралап көрді. Мысалы, Іргелі ауылдық округі аумағындағы «Асыл Арман» кешенінде 2000 орынға арналған орта мектеп құрылысы жүріп жатыр. Оған «Адвенто» ЖШС тапсырыс берген. Жоба құны 5 миллиард 300 миллион теңгені құрайды.

    Білім ордасының құрылыс жұмысы 2021 жылғы 1 сәуірде басталған. Мектептің жалпы аумағы – 6,5 гектар. Бұл жерде балабақша мен ұстаздарға арналған тұрғын үй салу қажеттігі туындаған. Осыған байланысты облыс әкімі компания басшылығына стадион орнын қайта жоспарлауды тапсырды. Бұдан бөлек, әлеуметтік мәні бар осы жобаға жан-жақты көмек көрсетуге уәде берілді.

    Әйтей ауылдық округіндегі «Өмірұзақ» кешені аумағында облыс әкімі мердігер ұйым – «АҚ ордасы» корпорациясы» ЖШС басшылығымен кездесіп, сын-ескертпе айтты. Аталмыш компания облыс бойынша үш нысанның құрылысын жүргізуде. Алайда барлық жерде дерлік жұмыс ақсап тұр. Дәл осындай жағдай 900 орынды мектеп құрылысында да қайталанып отыр. Облыс басшысы өз сөзінде егер компания адал мердігер ұйымдар тізімінде жақсы атпен қалғысы келсе, онда оған нысандарды мерзімінде өткізу керектігін ескертті. Сапар барысында әкім спорт нысандарын – Іргелі ауылдық округі аумағындағы республикалық олимпиадалық дайындық базасын және Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт кешеніне де барды.

    Олимпиадалық дайындық базасының құрылыс жұмысымен танысқан Марат Елеусізұлы Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновпен және бірқатар мекемеұйым басшыларымен бірлесе отырып, газ және су құбыры жүйесін жүргізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, аталған базаның Үлкен Алматы айналма жолына шығатын аймақтары туралы да айтылды. Қазіргі таңда ҮАААЖ-ға шығатын және мектепке алып баратын қосымша жол салу ойластырылған. Облыс әкімінің Қарасай ауданындағы сапары Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінің базасында түйінделді. Мұнда 600 орынды мектеп-интернат құрылысын бастауға дайындық жүргізілуде. Бұл жоба жүзеге асса, бұқаралық спорттың дамуына елеулі үлес қосылмақ.

    Бейбіт ТӨЛЕГЕНҰЛЫ,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    Парламент депутаттары болашақ серіктес қалалардағы әлеуметтік мәселелерді қозғады

    2 years ago
    “Қонаев-Алматы” пойызы жаңа вагонмен толықты

    “Қонаев-Алматы” пойызы жаңа вагонмен толықты

    2 years ago
    Дерт дер кезінде ауыздықталса

    Дерт дер кезінде ауыздықталса

    11 months ago
    Бар жақсылық – балаларға

    Бар жақсылық – балаларға

    1 year ago
    Михал Лабенда, дипломат: Қазақ пен поляк халықтарының тарихы ұқсас

    Михал Лабенда, дипломат: Қазақ пен поляк халықтарының тарихы ұқсас

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>