-13 °c
Qonaev
Sunday, August 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 700-ге жуық түлек “Алтын белгіге” үміткер

    25.05.2023
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Өңір тынысы
    Алматы облысында 700-ге жуық түлек “Алтын белгіге” үміткер
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бұл туралы баспасөз мәслихатында білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева айтты. Биыл Алматы облысында 12 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 696-ы Алтын белгіге, 1419-ы үздік аттестатқа үміткер. Оқушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында өткізіледі.

    «Биыл 10 607 түлек ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріп отыр. Облыста 240 орындық тестілеуді өткізуге арналған 2 пункт жұмыс істейді. Олар Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарында орналасқан», – деді басқарма басшысы.

    Сонымен қатар спикер жылдағы дәстүрге сай талапкерлерді тегін оқумен қамту жоспарланып отырғанын айтты. Ол үшін облыс әкімінің тарапынан 150 балаға гранттар қарастырылған. Грант тек бакалаврда оқитын студенттерге ғана емес, медицина саласында оқитын интерндерге де бөлінеді.

    Бұдан бөлек, биыл 270 мыңнан астам бала лагерьлерге жіберіледі. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 518 млн теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр. Демеушілер мен ата-аналар есебінен 10 000 оқушыға Шарын, Көлсай, Қайынды, Іле-Алатау Ұлттық табиғи парктеріне, «Алтын Адам», «Жамбыл», «Қонаев», «Таңбалы тас» аспанасты музейлеріне және т.б. көрікті орындарға экскурсиялар ұйымдастырылады.

    Alatau News

    Tags: "Алтын белгі"мектеп бітірутүлек

    Ұсынымдар

    Заманауи мұғалім

    Заманауи мұғалім

    3 months ago
    “Менің елім – Менің туым!” акциясы Қонаев қаласында жалғасты

    “Менің елім – Менің туым!” акциясы Қонаев қаласында жалғасты

    2 years ago
    Еріктілер марапатталды

    Еріктілер марапатталды

    2 years ago
    Жарқын болашаққа жол ашады

    Жарқын болашаққа жол ашады

    11 months ago
    Жаңа банкноттар таныстырылды

    Жаңа банкноттар таныстырылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>