-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында “Аманаттықтар” өңірлік жол картасын бекітті

    24.05.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Денсаулық, Инфрақұрылым, Құқық-заң, Өңір тынысы, Саясат
    Алматы облысында “Аманаттықтар”  өңірлік жол картасын бекітті
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Бүгін Алматы облыстық мәслихатында «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Жиында «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасына сәйкес сайлауалды уәделерді сапалы және уақытында орындау үшін Алматы облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасы (іс-шаралар мен көрсеткіштер тізбесі) тармақтарын облыстық мәслихаттағы фракция мүшелеріне бекіту мәселесі қаралды.
    Отырыс «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаевтың жетекшілігімен өтті.

    Алматы облысында сайлауалды бағдарламаны іске асыру үшін Жол картасында облысты дамытудың 4 басым бағыты бойынша 23 көрсеткіш, 83 іс-шара айқындалды. Жол картаға енген іс-шаралар сайлау қарсаңында жергілікті халықтан жиналған ұсыныстар мен өтініштерден құралған.
    Жол картасының басым бағыттарының бірі – бизнес және ауыл шаруашылығы субъектілерін қолдау арқылы халықтың табысын арттыру. Осы бағыт шеңберінде ауылдарда 15 мың адам жұмыспен қамтылмақ. 142 инвестициялық жобаны іске асыру, 260 мың гектардан астам пайдаланылмайтын жерді қайтару, 70-тен астам жаңа туризм объектілерін салу, 63 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.

    «Сайлауалды бағдарламамыздың жүзеге асырылуы осы жол картасымен тығыз, толық байланысты. Сондықтан халықтың аманаты, сайлау кезіндегі әр ауыл, қала, елдімекен тұрғындарынан түскен аманаттардың көпшілігі осы сайлауалды бағдарламаға енген болса, ары қарай оны нақты жүзеге асыру барысы біздің назарымызда болады», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев.
    Сайлауалды уәделерді орындау нәтижесінде инженерлік-коммуникациялық, тұрғын үй және жол инфрақұрылымдарының өзекті мәселелері шешіледі, медициналық қызмет көрсету, білім беру және басқа да салалардың сапасы жақсарады.

    Осы орайда Жол картаның әрбір тармақтары облыстық мәслихаттағы фракция мүшелеріне бекітілді. Яғни әрбір депутатқа өз саласы бойынша атқаратын жұмыстар тапсырылып, облыстық басқармалармен бірге жұмыс істеу жүктелді.

    «Жол картаның басты мақсаты – сайлауалды бағдарламаның орындалуына қатаң партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. Сондықтан барлығымыз атсалысып, талмай еңбектенуіміз қажет», – деп отырысты қорытындылады партия филиалының төрағасы.

    Ұсынымдар

    Мәртебе берілді, мәселе қалды

    Мәртебе берілді, мәселе қалды

    1 year ago
    ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ

    ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ

    9 months ago
    Мәжіліс депутаттығына бір мандатты округтерден сайланғандар тізімі жарияланды

    Мәжіліс депутаттығына бір мандатты округтерден сайланғандар тізімі жарияланды

    2 years ago
    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

    Студенттерге арналған жаңа жатақханалар салу жайы

    5 months ago
    Моңғолия қазақтарының кіші Құрылтайы өтіп жатыр

    Моңғолия қазақтарының кіші Құрылтайы өтіп жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>