⛅
15°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қыркүйек 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды

    24.05.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Руханият, Саясат
    Алматы облысында мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Қонаев қаласында Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым ашып, сөз сөйледі. «Мәдениет – мемлекет келбеті. Оны сақтау, болашаққа жеткізу баршамыздың ортақ міндетіміз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру жолында осы ұранды сөзді басты бағытта ұстап, халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын жылдан-жылға арттырып келеді. Мәдениет пен өнердің алтын арқауына айналған Алматы облысы да ерекше құрметке ие. Кешегі өткен Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Қожеке, Тұманбай аталарымыздың сара жолы мәңгілік жалғасу керек», – деді Нұрлан Әбдірахым.

    Салтанатты шарада облыс үздіктері марапатталды:

    «Үздік мәдениет үйі қызметкері» номинациясын Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық Мәдениет үйінің директоры Бақытжан Құсайынов иеленді, оған 100 000 теңге ақшалай сыйлық табысталды;
    «Үздік музей қызметкері» – Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінің қызметкері Мейіржан Мұсабаев;
    «Үздік кітапханашы» – Қонаев қаласы кітапханасының кітапханашысы Жазира Нуптиева;
    «Үздік биші» – «Алатау әуендері» концерттік ұйымының балет әртісі Мәдина Батыршаева;
    «Үздік әнші» – Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке дауыстағы әншісі Алуа Қосанова;
    «Үздік аспапшы» – Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының аспапшы әртісі Алма Кішікбаева;
    «Үздік қолөнер шебері» – «Ұста Дәркембай» қолөнер музейінің шебері Дәулетбек Әбдіқайымов;
    «Үздік театр ұжымы» – Еңбекшіқазақ ауданындағы «Қаракемер» балалар театрының көркемдік жетекшісі Жарқын Барақбаев атанды. Ал «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» номинациясымен «Алматы облысының музейлер бірлестігі» марапатталып, мекеме директоры Әнуар Үмбеталиевке Chevrolet Cobalt автокөлігінің кілті, арнайы диплом табысталды.

    Сондай-ақ Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен Сүйінбай атындағы облыстық филармония, облыстық Халық шығармашылығы орталығы, облыстық әмбебап кітапханасы мен аудандық орталық кітапханалар марапатталды.

    «Алатау әуендері» концерттік ұйымының әншілері Мирас Бекжанов пен Құралай Бекжанова, Қаракемер ауылдық Мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекова «Мәдениет саласының үздігі» атанды.

    Ресми шара бұдан соң концерттік бағдарламаға ұласты.

    Alatau News

    Tags: марапатмәдениет қызметкерлері күні

    Ұсынымдар

    Алматы облысында KT&G компаниясының жаңа зауыты ашылды

    Алматы облысында KT&G компаниясының жаңа зауыты ашылды

    5 months ago
    Сақшылар сақтық шараларын сақтауға шақырды

    Сақшылар сақтық шараларын сақтауға шақырды

    2 years ago
    Дәрі-дәрмек. Көрнекі сурет

    Дәрі-дәрмекті өзіміз де өндіреміз

    3 years ago
    Қонаев әкімі ауыл мектебіндегі асхана жұмысын тексерді

    Қонаев әкімі ауыл мектебіндегі асхана жұмысын тексерді

    2 years ago
    Алматы облысында 337 шақырым туристік жол жабдықталады

    Алматы облысында 337 шақырым туристік жол жабдықталады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>