-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алматы облысының әкімі бірқатар басшылар мен аудан әкімдерін сынады

    15.05.2023
    in Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Құқық-заң, Өңір тынысы, Саясат, Үкімет, Экономика
    Алматы облысының әкімі бірқатар басшылар мен аудан әкімдерін сынады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысының әкімдігінде биылғы жылдың І жартыжылдығында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланған кеңейтілген отырыс өтті. Жиында облыс әкімі бірқатар басшылар мен әкімдерді сынға алды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

    Облыс әкімі көтерген бірінші мәселе ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу болды. Оның айтуынша, тиісті басқармаға Алматы қаласындағы бірқатар базарларға, дүкендерге, сауда желілеріне, сондай-ақ «Алтын Орда» базарына жеміс-көкөніс өнімдерін орталықтандырып жеткізуді ұйымдастыру жөнінде тапсырма берілген. Бұл туралы арнайы келісім де жасалған. Бұдан бөлек, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуге форвардтық келісімшарттар жасау жоспарланған.

    «Алайда, осы уақытқа дейін бірде-бір келісімшарт жасалмаған. Бұл ауыл шаруашылығы басқармасының берілген тапсырмаларды тиісті деңгейде орындамауы салдарынан туындады және аталған саланың қарқынды дамуына мүмкіндік бермей отыр», – деді әкім.

    Соңғы мәліметтерге сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау бойынша да көрсеткіштер төмендеп кеткен.

    «2022 жылы «Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында қолдау тапқан 24 мың жобадан барлығы 764 жоба субсидияланды. Өткен жылы бұл көрсеткіш бойынша Алматы облысы өңірлер арасында 15-орынға ие болды», – деді бизнес өкілдерін қолдау бойынша сөз алған Марат Сұлтанғазиев.

    Келесі көтерілген мәселе «G4 City» аумағында құрылған арнайы экономикалық аймақты басқарушы компанияның жоқтығы болды. Бұл жөнінде әкім өзінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновке 1 айдың ішінде компания құруды тапсырды.

    «Бизнесті дамыту мен инвестициялар тартуда – мемлекеттік жер қорындағы бос жерлер, сатып алуға жататын жер учаскелері, қолданыстағы инфрақұрылым туралы деректердің жоқтығы қосымша кедергі келтіріп отыр. Бұл жөнінде тапсырма Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы №41 қаулысында бар», – деді әкім жер мәселесін қозғап.

    Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, осы тармақ бойынша Еңбекшіқазақ, Іле, Райымбек, Талғар аудандары және Қонаев қаласы ақпарат ұсынбаған.

    «Аппарат басшысы Төлеген Сарсембаевқа аталған аудандар мен қала әкімдерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырамын», – деді өңір басшысы.

    Бұдан бөлек, облыс әкімі Алматы облысының өңірлік даму орталығының да жұмысын сынға алды. Аймақ басшысының сөзіне сүйенсек, инвесторлар осы орталықтың және әкімдік құрылымдарының қызметінен хабарсыз.

    «Бюджеттен 450 млн. теңгеден астам қаражат алатын орталық инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, бақылау және оларды іске қосу жұмыстарын әлсіз жүргізіп жатыр. Орталық директоры өзінің баяндамасында құрылған жобалармен жасалған келісім-шарттардың санына ғана тоқталды. Ал оларды іске асыру бойынша түпкілікті нәтиже жоқ», – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Өңір басшысы әлеуетті инвесторлармен 302 кездесу өткізілгенін, бірақ, мұнда да нәтиже жоқ екенін баса айтты. Сондай-ақ Марат Сұлтанғазиев аталған барлық мәселелерге байланысты қорытынды жасап, 3 түрлі түйіткілді атады.

    «Жоғарыда аталған жағдайларға сүйене отырып, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік басқармаларының жұмысында жүйелі проблемалар бар деп қорытынды жасауға болады. Біріншіден, бұл білікті қызметкерлердің жеткіліксіздігі. Екіншіден, басқармалар мен олардың бағынысты бөлімшелері пассивті ұстанымға ие және кәсіпкерлер мен мүдделі мемлекеттік органдар, даму институттары арасында байланысты қамтамасыз етпейді. Үшіншіден, кәсіпкерлермен кездесулердің тиімділігі жеткіліксіз деңгейде. Іс-шараларды өткізу кезінде формальды тәсілдер қолданылып, кездесулер алдында кәсіпкерлер мен инвесторлар көтерген мәселеге тиісті талдау жүргізілмейді», – деді әкім сөз соңында.

    Tags: аудан әкімдеріауыл шаруашылығыбасқарма басшылары

    Ұсынымдар

    Алматы облысында «Мұз-2025» республикалық науқаны өтуде

    Алматы облысында «Мұз-2025» республикалық науқаны өтуде

    3 months ago
    Президент әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

    Президент әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

    4 weeks ago
    Ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпкерлермен кездесу. Астана, 21 ақпан 2023 жыл.

    Елордада ауылшаруашылығының мәселелері мен даму келешегі талқыланды

    2 years ago
    Бақылаушы: Саяси науқан қызықты додаға айналды

    Бақылаушы: Саяси науқан қызықты додаға айналды

    2 years ago
    Алматы облысында су қоймасының шеті бұзылды

    Алматы облысында су қоймасының шеті бұзылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.