-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алтынбек есімі ардақталды

    13.05.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мәдениет, Өңір тынысы, Саясат
    Алтынбек есімі ардақталды
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Сарыжаз ауылындағы Алтынбек Сәрсенбаев оқыған мектепте ескерткіш тақта орнатылды. Білім ордасының кіреберісіндегі қабырғаға ілінген Алтынбектің кең маңдайы жарқыраған суреті, «Біз жақсылыққа, ілгері дамуға ұмтылуымыз керек» деген сөзі, осы мектепте 1969-1979 жылдары білім алғаны туралы жазылған мәрмәр тақта салтанатты түрде ашылды.

    Алтынбек білім алған Сарыжаз орта мектебіне оның атын беру туралы Сарыжаз ауылының тұрғындары көптен бері орынды өтініш, салиқалы ұсыныс айтып жүрген. Мектептің кіреберіс қабырғасына орнатылған ескерткіш тақтаның ашылуында ауылдағы Мәдениет үйінің директоры Алмас Қияс пен шәкірті Ершат Кәмілжан жырдан шашу шашты. Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев жиналған көпшілікке жүрекжарды сөзін арнады. «Алтынбек Сәрсенбаевтың есімі мектепке берілген қуаныш ұзағынан сүйіндірсін. Асыл перзентіміздің ізі қалған осынау Сарыжаз ауылынан, есімі берілген осынау мектептен ел үмітін ақтар, мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақ қанаттансын», – деген ізгі тілегін жеткізді.

    – Қымбатты жерлестер! Бұл күн – көптен күткен қымбат күн! Қай заманда да елге тұтқа, тірек болар азаматтардың ғұмыры қысқа болған. Алтынбек інім туған Отанын жанындай сүйді. Қазақстанды әлемдегі алдыңғы қатарлы ел ету жолында аянбай еңбек етті, тер төкті. Бүгін аяулы бауырыма арнап үлкен ізгі шара ұйымдастырған барша жерлестеріме Сәрсенбай әулетінің атынан жүрекжарды алғысымды айтамын. Алтынбектің атымен аталатын мектеп ұжымы соған сай білім ордасына айналуды мақсат етіпті. Бұл мені де қуантып отыр. Сол ниеттеріңізге жетіңіздер, – деді Алтынбектің ағасы, ардагер журналист, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбаев.

    Салтанатты сәтте қазағының алтын ұлы, халқының адал да асыл перзенті туралы көптеген игі шаруаларға ұйытқы болып жүрген, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сағатбек Медеубекұлы сөз алып, былтыр Алтынбектің 60 жылдығында өткізілген шарада бас бәйгелі болған, қолдан салынған портретін білім ордасына сыйға тартты. Сондай-ақ, ақиқаттың алдаспанына арнаған жыр жолдарын ортаға салды. Сарыжаз ауылының тұрғыны Назилия Асанбаева Алтынбектей аяулы сыныптасы туралы жүрек толқытар сөзін алға тартты. Райымбек ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Тұрсынбай Исенбаев Алтынбек туралы арнау өлеңін оқыды. Білім саласы қызметкерлері кәсіподағы Райымбек аудандық «Қамқор-2» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ұлықпан Әбек те ескірмеген естеліктерін жолдады. Бұдан кейін көпшілік мектептің кіреберіс залына жасалған Алтынбектің шығармашылығы мен таулы өлкеден шыққан ақын-жазушылардың туындыларын тоғыстырған кітап көрмесін тамашалады. Алтынбек Сәрсенбаев туралы деректі фильм көрсетілді. «Азаттық» радиосының еліміздегі өкілдігінің басшысы Қасым Аманжол деректі фильм туралы тарқатып, Мемлекет қайраткері туралы өз ойын жеткізді.

    Артынша Сарыжаз ауылының түлегі, Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрарбек Асанов негізін қалап, үлкен қолдау көрсеткен заманауи стадионның ашылуы болды. Тұрарбек Асанов туып-өскен ауылына үнемі жақсылық жасап келеді. Біраз жыл бұрын ауыл орталығынан сәулетті мешіт тұрғызды. Бүгінгі 600 орынды заманауи жаңа мектептің салынуында да өзіндік қолтаңбасы бар. Ауыл спортын дамыту, жас ұрпақтың спортпен айналысуы үшін мектеп ішінен бокс залын ашып берген болатын. Енді, міне, көрсең көзің тоятын тамаша стадион пайдалануға берілді. Газон төселген стадионда үлкен және шағын футбол алаңдары бар. Бір күн бұрын дәл осы стадионда Алтынбек Сәрсенбайұлын еске түсіруге, білім ордасына есімі берілуіне және стадионның ашылуына арналған футбол жарысы бастау алған. Оған жалпы Сарыжаз ауылының әр жылғы түлектерінен құралған 24 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Осынау игі шараға ауыл тұрғыны, спорт ардагері Жантелі Мұқи бастаған азаматтар лайықты негіз қалады.

    Стадионның салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімі Берік Дүйсенбаев, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбаев бастаған қадірменді қонақтар жарыс жеңімпаздарын марапаттады. Додадан дара шыққан 40 жасқа дейінгі түлектер арасынан 2001 жылғы түлектер 1-орынды, 40 жастан асқандар арасында өткен сайыста 1975 жылғы түлектерден құралған команда 1-орынды иеленді. Жарыс жеңімпаздарына арнайы жасалған медаль, кубоктар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

    Шара соңында мешіт жанындағы қатымханада Алтынбектің аруағына арналып Құран бағышталып, үлкен ас берілді. Есімі ел жүрегіне ұялаған Алтынбектің еңбегі ғасырдан-ғасырға мәңгі жасай бермек.

    Қанат БІРЖАНСАЛ

    Tags: Алтынбек Сәрсенбайұлы

    Ұсынымдар

    Талғар ауданында спутник қала салынбақ

    Талғар ауданында спутник қала салынбақ

    2 years ago
    Әділеттің үстемдігі жолында

    Әділеттің үстемдігі жолында

    1 month ago
    Су үнемдеу үшін Қызылорда облысында 60 мың гектарға жуық күріш алқабы лазермен тегістелді

    Су үнемдеу үшін Қызылорда облысында 60 мың гектарға жуық күріш алқабы лазермен тегістелді

    3 weeks ago
    Іле ауданында 3,7 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ

    Іле ауданында 3,7 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ

    3 months ago
    Ауылдың рухани айнасы

    Ауылдың рухани айнасы

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>