-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Киелі топырақтың түлегі

    01.05.2023
    in Барлық жаңалықтар
    Киелі топырақтың түлегі
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Мұғалім – мектептің жүрегі. Осылай дейтін Валентина Анатолийқызы бала күннен мұғалім болуды арман еткен екен. Шырайлы өлке Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы, Келдімұрат ауылында дүние есігін ашып, осы өңірдің киелі қасиетін бойына сіңіріп өскен Валентина Воробьева балапан шағынан қазақ тілімен сусындап, сауатын қазақ тілінде ашады. Мектеп қабырғасында оқып жүріп, сан қырлы өнерімен, ерекше қабілет-қарымымен танылады. Алғырлар қатарында болып, алтын ұя мектебінің мақтанышына айналады. Қазақ тілін жетік меңгеруіне ұстазы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Магфуза Болсымбаеваның зор еңбек сіңіргенін әркез мақтан етеді. Ұлағатты ұстазы мемлекеттік тілді еркін меңгеріп қана қоймай, оның құнарын сезініп, шұрайлы сөйлеуге дағдыланған Валентинаны әр түрлі байқауларға қатыстырып, жүзден жүйрік шығуына мұрындық болады. Нәтижесінде жүлделі орындарды иеленіп, мектебінің мерейін тасытады. Оған ақ сүт берген анасы Марина Сергейқызының да сергектік танытуы сеп болғандығын жасырмайды. Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген анасы қызына әрдайым қолдау білдіріп, жетістіктерін бағалап отырған. Мектепті бітіріп, Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжіне бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түскен Валентинаның асқақ арманы орындалады.

    Оқуын жақсыға тамамдаған ол, бүгінде Қарабұлақ ауылындағы №22 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі болып еңбек етуде. Жас ұстаз жұмыс барысында байқауларға, іс-шараларға қатысып, қазақ тіліне деген құрметі мен сүйіспеншілігін көрсетіп келеді.

    – Ұлтым орыс болса да жаным, жүрегім қазақ деп соғатын қыздарыңыз мен боламын. Киелі топырағымның, жусаны аңқыған сары даламның, көркем табиғатымның және жүректері мейірімге толы ауыл адамдарының пейілі менің қазақ халқы мен қазақ тіліне деген құрметім мен сүйіспеншілігімді оятты. Қазақша оқып, осы тілде ойлап, есейдім. Қазақтың қарадомалақ балаларымен бір нанды бөліп жеп, бірге ойнап өстім, – деген ұстаз Валентина Воробьева өз ойын сабақтай түсті.

    – Мемлекеттік тілді білу – әрбір Қазақстан азаматының міндеті деп білемін. Өйткені қазақ дейтін пейілі кең, көңілі дархан жомарт халық көптеген ұлт өкілдерін өз бауырына басып бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Менің қазақ тілін жетік білуім осы халықтың салт-дәстүрін, ішкі жан-дүниесін толық тануыма мүмкіндік берді. Ұлтым басқа болғанымен, жан дүниемді қазақ халқынан бөліп қарай алмаймын. «Түріміз басқа болғанмен – тілегіміз бір, жүзіміз басқа болғанмен – жүрегіміз бір» халықтың ұрпағымыз. Қазақ халқына айтар алғысымыз шексіз, – деген жүрекжарДы тілегін білдірді.

    Оның жүзінен отаншылдықтың жылы лебі есіп тұрғандай сезіледі. Тәуелсіз Қазақстанның кең байтақ даласындағы бірлігі жарасқан халықтардың татулығын тұмарындай көріп, ауасын жұтып, суынан нәр алған атамекенін жұмағындай санайтын ұстаз бойындағы білімі мен қайрат-жігерін туған елінің мүддесіне жұмсауға ұмтылуда.

    «Қазақстан – менің жүрегімнің төрінен орын тепкен жалғыз Отаным!» дейтін Валентина Воробьева бастауыш сынып балаларына оң-солын танытып, өнер-білімге баулып келеді. Кішкентай бүлдіршіндердің де мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, құрметтеуге, айналасындағы достарына, сыныптастарына қайырымды, мейірімді болуды үйретуде. Себебі «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген әл-Фараби.

    Ұстаздық етумен қатар, отбасының да берекесін кіргізіп, ынтымақ-бірлігін арттырып отырған Валентина Воробьева 1-сыныпта оқитын ұлы Станиславтың да қазақ тілін үйренуін қадағалап, бұл ретте, балаларға арналған өлең-жырлар мен мақал-мәтелдерді жаттатып, тілін жаттықтыруды күн тәртібіне қойғанын баса айтты.

    Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсете білетін Валентинаның ақжарқын мінезі мен тынымсыз еңбегін мектеп ұжымы да құрметтеп, әр жетістігін үлгі етуде.

    Ұлбосын ИСАБЕК,
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Қорғансызға қол созған

    Қорғансызға қол созған

    1 year ago
    Алматы облысында «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 42 адам грант алды

    Алматы облысында «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 42 адам грант алды

    2 years ago
    XXXIII жазғы олимпиада: Алматы облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды

    XXXIII жазғы олимпиада: Алматы облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды

    10 months ago
    Ат жалындағы жарыс

    Ат жалындағы жарыс

    2 months ago
    Батырдың сағаты

    Батырдың сағаты

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>