-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Қалай сұхбат алу керек: кәсіби журналистердің кеңестері

    25.05.2023
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Қалай сұхбат алу керек: кәсіби журналистердің кеңестері
    0
    SHARES
    440
    VIEWS

    Бүгінгі күнде сұхбат алу трендке айналғаны рас, бірақ өтімді сұхбат алу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл жанрдың да шарттарымен танысып өткен жөн, себебі нәтижелі сұхбат оқырман немесе қаралым санынан байқалады. Және де қарапайым қағидаларды ұстанбасаңыз, сұхбатыңыздың аяғына дейін оқылуы екі талай. Ендеше, назарыңызға кәсіби журналистердің сұхбат алу барысында қолданатын ережесін ұсынамыз.

    «Дұрыс адам» таңдау.
    Сұхбат беретін қонағыңыз өзіңізге қызық болу керек. Егер сіздің оған, оның шығармашылығы мен қызметіне қызығушылығыңыз болмаса, онда әңгімелеріңіз қызбайды. Екіншіден, сұхбат берушінің қоғамға айтары болу керек. Көзі – ашық, көкірегі – ояу, білімді азаматтар тың ақпараттармен бөлісіп, сұхбаттың сәтті шығу ықтималдығын арттырады.

    Жақсы нәтиженің 80%-ын дайындық құрайды.
    Дайындық дегенді қалай түсінесіз? Сұхбат алмастан бұрын кейіпкерді жан-жақты зерттеу керек. Оның бұған дейін берген сұхбаттарын қарап шығыңыз. Себебі, адамдарға әр бағдарлама сайын бір сұрақты қайталап қоя берген ұнамайды. Сұрақтарыңыз қызықты болу үшін, оның жазған еңбектерін оқып, жұмыстарымен танысыңыз.

    «Pre interview» фишкасы.
    Әлеуметтік желідегі жұлдыздарды сырттай танығаныңызбен, сіз ол адаммен көзбе-көз кездескен жоқсыз. Сондықтан да, оның сұхбат барысында сізге ашылу ықтималдығы өте төмен. Мысалы, сіз өміріңізде бірінші көрген адамға бірден ашыла бермейсіз, бұл жерде де дәл солай. Алдымен кейіпкеріңізбен дәмханада кездесіп жақын танысыңыз, екінші күні бірге серуендеңіздер. Және сұхбаттың алдында да бір әңгімелесіп алыңыздар. Сонда сұхбат беруші сізге үйренеді, өзін жайлы сезінетін болады. Бірақ, дос болмаңыздар, субординация сақтай біліңіз!

    Сұрақ қоя білу – өнер.
    Интервьюдің бастапқы жартысында (45 минут – 1 сағат) жеке өміріне қатысты сұрақтар қоймаңыз. Керісінше, бұл уақытты толығымен оның шығармашылығына, жұмысына арнаңыз. Кейін қонағыңыздың бойы осы атмосфераға толық бейімделгеннен кейін, көрермендердің басым көпшілігін қызықтыратын сұрақтарды дұрыс қоя біліңіз. Ескеретін жайт, өз тіліңізге ие болыңыз! Кез келген сұрақты қоярда өзіңізді қонақтың орнына елестетіңіз.

    Шыдамдылық танытыңыз!
    Қанша жерден кейіпкеріңіздің ойымен келіспесеңіз де, оның ойын бөлмеңіз. Біріншіден, сізді ол адамды шақыруға ешкім мәжбүрлеген жоқ, екіншіден, сіз сұрақ қоймасаңыз, ол ойын айтпайтын еді.
    Сұрағыңызға жауап алмай, келесі сұраққа көшпеңіз.
    Қонақтардың да түр-түрі болады. Өздеріне «ыңғайсыз» сұрақтан қашу үшін, жауаптарын бұрмалай береді. Нәтижесінде, сұрақ пен жауап бір-біріне сай келмейді. Әрине, қонағыңыздың сұрақты дұрыс түсінбеуі мүмкін, дегенмен, артқа шегінбеңіз.

    Интервью тек сұрақ-жауап емес!
    Бұл – еркін әңгіме, талқылау. Сіз сценарийді 100% ұстануға міндетті емессіз. Бір сұрақты қоясыз, одан екінші, үшінші сұрақ туады. Қазбалай беріңіз, қарсы сұрақтар қойыңыз. Сонда әңгімелеріңіз барынша шынайы болады. Ал көрермендер мен оқырмандар шынайылықты сүйеді.

    «Көзбе – көз».
    Кейіпкеріңіздің көзіне тік қараңыз. Бұл – сұхбаттың жемісті болуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Егер сіз қонақтың көзіне тік қарап, басыңызды изеп отырсаңыз, онда оның ойынша, сіз оны мұқият тыңдап отырсыз. Ал ол солай ойлағаннан кейін барынша ашық болуға тырысады.

    Сұхбат берушінің көңіл-күйі маңызды.
    Егер қонағыңыз сұхбат жазу уақытын өзгерткісі келсе, келісіңіз. Сіз үшін оның хал-жағдайы бірінші орында болу керек. Көңіл-күйі болмаса, онда алған сұхбатыңыз бос әурешілік.

    Жасмин Дюсекова,
    Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, «Медиажурналистика» мамандығының 2-курс студенті

    Tags: интервьюсұхбат алу

    Ұсынымдар

    «TazaLike»: Алматы облысында экологиялық акцияға 25 мыңнан астам адам қатысты

    «TazaLike»: Алматы облысында экологиялық акцияға 25 мыңнан астам адам қатысты

    3 months ago
    Қазына тұнған құт мекен

    Қазына тұнған құт мекен

    2 months ago
    Елтаңбадан еркіндік нышаны сезілсе

    Елтаңба санада жатталуы керек

    1 year ago
    Алматы облысында Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

    Алматы облысында Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

    2 years ago
    «Строительная» саяжайындағы 1-трансформатор іске қосылды

    «Строительная» саяжайындағы 1-трансформатор іске қосылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>