-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қаламы қарымды журналист Қанат Біржансалұлы өмірден озды

    30.05.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Қазанама, Мәдениет, Руханият
    Қаламы қарымды журналист Қанат Біржансалұлы өмірден озды
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің Райымбек, Кеген аудандарының меншікті тілшісі Қанат Біржансалұлы Біржансалов 61 жасқа толар шағында мезгілсіз өмірден өтті.

    Қанат Біржансалұлы 1962 жылы 7 шілдеде дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қақпақ ауылындағы шаруашылықта жұмысшы, құрылысшы болып бастаған. Шаруашылықта комсомол ұйымының хатшысы, клуб меңгерушісі қызметтерін атқарған.

    1987 жылдан баспасөз саласында жемісті еңбек етті. Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақ Радиосына қарасты Нарынқол аудандық радиохабарларын тарату редакциясының жауапты редакторы болды. Райымбек аудандық «Хантәңірі» газетінің Нарынқол өңіріндегі меншікті тілшісі, газеттің бас редакторы қызметтерін атқарды. Ұзақ жылдар Алматы облыстық «Жетісу» газетінің Райымбек, Кеген аудандарындағы меншікті тілшісі болды. 2022 жылдан «Өлке тынысы» ЖШС-ға қарасты Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінде еңбек етіп, Райымбек, Кеген өңірінің жылт еткен жаңалығымен қоса, тыныс-тіршілігін жеткізіп отырды. Қасиетті қалам иесінің қозғамаған тақырыбы жоқ десек те болады. Ауылдың өзекті мәселелерімен қатар атқарылып жатқан жұмыс, өтіп жатқан шаралар, құрылысшылар, егіншілер мен шопандардың, орманшылардың тынымсыз тіршілігі, қарапайым жұмысшы, мұғалім, дәрігерлердің маңдай тер еңбегі қаламгердің назарынан тыс қалмайтын. Туған өлкесінің тауы мен тасын, орман, көлін, сылдырлап аққан бұлағын суреттеп жазып, асқан махаббатпен жеткізген сырлы сезім иесінің қаламынан туған дүниелерді тамсанбай оқу мүмкін емес еді.

    Қанат Біржансалұлы қаламы жүрдек журналист қана емес, мөлдір, сырлы жырларымен де танымал ақын. Жазған мақаласының өзі өлеңдей өріліп тұратын. Соның дәлелі – «Мөлдір моншақ», «Тәңір тауға табынам» атты жыр жинақтары мен «Қарашада қара үй тұр», «Соғыстың соңғы солдаттары» атты кітаптарының жарық көруі.

    Қарымды қаламгер облыс көлемінде өткен жыр мүшәйраларының да бірнеше мәрте бас жүлдесін жеңіп алған. Журналистика саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің грантын иеленген. Жемісті еңбегінің арқасында ел Президентінің, Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалінің иегері.

    Қаламгер еліне еселі еңбек сіңірумен қатар ұлағатты ұрпақ өсірген өнегелі әке. Бүгінде артында қалған ұрпағы – үш қыз, екі ұлдың алды отау құрып үлгерсе, соңғылары білім нәрін бойына сіңіріп жүрген студент. Өмірлік қосағы Кеңескүлмен сыйласып, баянды ғұмыр кешті.

    Қаламгерлік деген әркімге бір беріле бермейтін өнерімен танылған, көпке өнеге болар ісімен ел-жұртының сый-құрметіне бөленген қаламгердің жарқын бейнесі, ұлағатты ісі ел-жұртының есінде сақталады. Сөз зергерінің қалдырған мол мұрасы мен дара есімі қатталған беттермен газет тарихында мәңгі қала бермек.

    «Өлке тынысы» ЖШС, «Алатау арайы» газетінің ұжымы

    Ұсынымдар

    Жұмыссыз азаматтарға мүмкіндік

    3 months ago
    Студенттерге кеңес берілді

    Студенттерге кеңес берілді

    3 months ago
    Жемқорлық дерегі азаймай тұр

    Жемқорлық дерегі азаймай тұр

    1 year ago
    Қарасайлықтар қуанышы

    Қарасайлықтар қуанышы

    5 months ago
    Кәсіпкерлікке бастаған жоба

    Кәсіпкерлікке бастаған жоба

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>