Перейти к содержимому
Главная страница » Қонаевта демалыс күндері бірнеше көше жабылады

Қонаевта демалыс күндері бірнеше көше жабылады

27-28 мамыр күндері Қонаевта триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді. Осыған байланысты қалада бірнеше көше жабылады.

Атап айтқанда, сағат 08:00-16:00 аралығында Қонаев көшесінде (шығыс жағы) қалаға кіреберістегі айналма жолынан бастап Фрунзе көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Сонымен қатар Орталық қалалық жағажай, демалыс аллеясы, Мұқанов және Фрунзе көшелері жабылады.

Ұйымдастырушылар аталған шара өңіріміздегі туризм мен спорттың дамуына, салауатты өмір салтының насихатталуына септігін тигізетінін айтып, тұрғындардан түсіністік танытуын сұрайды.

Метки: