-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Жастарға кәсіп бастауға шағын несие беріле бастады

    05.05.2023
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Құқық-заң, Өңір тынысы, Экономика
    Жастарға кәсіп бастауға шағын несие беріле бастады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Облыс жастарының кәсіпкерлік бастамаларына жеңілдетілген шағын несие беру үшін бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның алғашқы отырысы өтті. Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым ашып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай өз кәсібін ашамын деген жастарға 2,5 пайыздық несие беру жүзеге асып жатқанын жеткізді.

    Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова жастарды қолдау бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

    – Былтыр жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,3 пайызды құрады. Оны төмендету мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, осы жылдың 1 сәуіріне дейін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға 3831 жас азамат жүгінді. 2081 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл өтініш бергендердің 54,3 пайызы. Оның ішінде 872 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Биылдан бастап шағын несие беру арқылы жас кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа тетігі қарастырылды. Облыс бойынша 375 жас кәсіпкерге 2,5 пайыздық несие беру үшін 1 млрд. 875 млн. теңге қарастырылды, – деді.

    Бұдан соң несие алуға үміткер 22 жас бизнес жобасын таныстырды. Оның басым бөлігі мал алып, шаруашылық жұмысын өркендетуге ниетті болса, енді бірі құлпынай, қарақат өсіріп, оны сатып табыс табуды көздейді. Жүк көлігін алып, тасымалмен айналысуды мақсат тұтқандар да бар. Бизнес жобаларға жіті мән берген комиссия мүшелері барлық үміткердің бастамасына қолдау көрсетті.

    Несие алу үшін үміткерлер 21 мен 35 жас аралығындағы жастар болуы керек. Шағын несие алуға өтініш берген сәтте салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі бес жылдан кем болмауы тиіс. Несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға, басқа бизнес жобалар үшін 5 жылға дейін беріледі. Шағын несиенің ең жоғары сомасы 5 миллион теңгені құрайды. Несие алу үшін үміткердің кепілге қоятын мүлкі болуы тиіс. Өтейтін несие қарыздары болмағаны жөн.

    Қаражат «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы арқылы беріледі. Ағымдағы жылдың 4 мамырына дейін «Аграрлық кредиттік корпорация» 448,6 мың теңге мөлшерінде шағын несие беру үшін 91 өтінім қабылдады. «Аграрлық кредиттік корпорация» қабылдаған 91 өтінімнің 1-еуі пысықтауға жіберілді, 68-і қаралып жатыр. Шағын несие беру мақұлданған жағдайда «Аграрлық несие корпорациясы» бес жұмыс күні ішінде шағын несие сомасы үміткердің ағымдағы шотына аударылуы тиіс.

    Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Жастарға мүмкіндік беретін бизнес жобаларды іріктеу комиссиясының отырысы ай сайын өткізілмек.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Tags: гранткәсіпкерлікшағын несие

    Ұсынымдар

    Зардап шеккен балалардың жағдайы тұрақты

    Зардап шеккен балалардың жағдайы тұрақты

    2 years ago
    Жаңа қызмет: ХҚКО менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден алуға болады

    Жаңа қызмет: ХҚКО менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден алуға болады

    9 months ago
    Алматы облысында 177 671 оқушы ыстық тамақпен қамтылған

    Алматы облысында 177 671 оқушы ыстық тамақпен қамтылған

    4 months ago
    Қонаев қаласына Нидерланд корольдігінің делегациясы сапарлап келді

    Қонаев қаласына Нидерланд корольдігінің делегациясы сапарлап келді

    2 years ago
    Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда

    Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>