Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Жазба әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
«Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттігімізді айқындайтын, халқымыздың мықты рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Pесми нышандарымыз ғасырлар бойы қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Өз кезегінде Тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш», – делінген облыс басшысының құттықтау сөзінде.