Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады.
«Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!» – деп жазылған құттықтауда.
Бүгін рәміздер күні еліміз бойынша кең ауқымда аталып өтіп жатыр. Айта кетейік, биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 31 жыл толып отыр.