Мемлекет басшысы алапат өртке салғырттық себеп болғанын, оған кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына арнайы барып, өрт сөндіру кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты. Марқұмдардың туыстарымен кездесуде жағдайға салғырт қарағандар жазаланатынын жеткізді.
«Министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған. Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады, – деді Президент.