☀️
24°C
Қонаев
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    ІІМ: Алматы облысы жол апаты ең көп адам құрбан болатын өңірлер қатарында

    12.06.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Жолдың жайы, Құқық-заң, Өңір тынысы
    ІІМ: Алматы облысы жол апаты ең көп адам құрбан болатын өңірлер қатарында
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Ішкі істер министрлігі бүгін брифинг өткізіп, елімізде кісі өлімімен аяқталатын жол-көлік оқиғалары ең көп болатынын өңірлер туралы мәлімет берді. Министрлік өкілі Ақтоты Боранова келтірген дерек бойынша, республика жолдарында жол апатынан күн сайын 10 адам қаза тауып, 70-ке тарта адам түрлі жарақат алады.

    Боранова әсіресе республикалық маңызы бар жолдардағы жол апатынан болатын өлім-жітім көрсеткіші ерекше алаңдатып отырғанын жеткізді: жол апатынан көз жұмғандардың жартысы аталған күре жолдарда ажал құшады.

    “Қала сыртындағы жолдарда жол апатынан көз жұматындардың көрсеткіші Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау облыстарында жоғары” деді министрлік өкілі. Ол аталған облыстардың бәрінде демалыс аймақтары барын, оқушылардың жазғы демалысқа шығып, еңбек демалысына шығу маусымы басталғандықтан азаматтарды жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Боранованың сөзінше, күн сайын бір бала жол-көлік оқиғасынан мерт болады.

    «Жазғы каникулда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары ерекше алаңдатады. Жыл басынан бері еліміздің жолдарында кәмелетке толмаған балалар отырған көліктер 1 046 рет жол апатына түскен. Оның салдарынан 72 бала қаза тауып, 1152 бала жарақат алды. Өкінішке қарай, күн сайын жолдарда бір бала қаза тауып, 10-нан астамы зардап шегеді. Апаттан мерт болған балалардың 67 пайызы, яғни жартысынан астамы жолаушылар, ал қалғаны жаяу жүргіншілер», – деді ол.

    Соңғы жаңалықтар

    Кітап оқитын ұлт – зерделі ұлт
    17.05.2026
    Рухани дамуға бастайтын маңызды қадам
    17.05.2026
    Уақыт талабына сай шешім
    16.05.2026
    Президент Тоқаевқа деген халық сенімі 86,7 пайызды құрады – сауалнама қорытындысы
    16.05.2026
    Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
    16.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>