Абай облысында жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны, тракторшы Сергей Архиповтың мәйіті табылды деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерден табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қызметтік ит Абай облысы полиция департаментінің кинологиялық есебінің құрамында іздеуге атсалысып, трактор табылған жерден орман жолағына дейінгі ер адамның ізін тапқан.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.
Сергей Архипов 10 маусым күні із-түзсіз жоғалып кеткен.