Алматы агломерациясын дамыту аясында Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округінде Talgar Eco City спутник қала салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Талғар аудандық әкімдігі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады. Жобаны талқылау мақсатында Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков делегацияны бастаған ханзада Бассам Омар Салам әл-Араби, Қалмақ Республикасының тұңғыш президенті Кирсан Илюмжинов, Dinara Group негізін қалаушы Бақыт Атайбеков және инвесторлардың басқа да өкілдерімен кездесті.
Жоба бойынша, Talgar Eco City сапалы, жаңа технологияларға сай, адамдар үшін экологиялық және жайлылық стандарттарына жауап беретін қалашық болады. Жоба өңірдің ірі инвестициялық бастамаларының біріне айналады және елге жергілікті және халықаралық инвестицияларды тарту орталығына айналады, Талғар қаласының туристік тартымдылығын арттырады деп күтіліп отыр.
567 га аумақты қамтитын қалашықта әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның жатақханалар, оқу кампустары бар студенттік қалашық, 6 мектеп, 12 мектепке дейінгі білім беру орталығы, білім беру кешендері, сауда-ойын-сауық орталықтары, бизнес-орталықтар, отбасылық демалыс саябақтары мен алаңдары, спорт кешендері, көп пәтерлі жайлы тұрғын үй кешендері, клиникалар мен медициналық орталықтар, қонақ үйлер салынбақ.
Талғар қаласының болашақ дамуның іргетасы-символы ретінде алғашқы тас қаланды.