Үкіметтің қаулысымен маусымның үшінші жексенбісі Әкелер күні болып бекітілді.
Бұл күнді барша қазақстандықтар айрықша атап өтетіні анық. Өйткені қоғамда отбасылық құндылықтардың алға басуына әкенің алатын орны қашанда биік. Биыл бұл күн бірінші рет аталып өтіп отыр.
Аталған мереке ер-азаматтарға ұрпақ тәрбиесі жолындағы жауапкершілікті барынша сезіндіріп, әкелер институтын нығайтуға өзіндік үлес қосатыны анық. Әрбір әке сол міндетті абыроймен арқалап,отбасына тірек болса, еліміздің болашағы жарқын болатыны сөзсіз.
Асқар тау – әкелердің құрметіне тұңғыш рет аталған мереке құтты болсын!