20 маусымда Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Палаталардың бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қаласында шақырылсын» деп жазылған өкім мәтінінде.