Биылдан бастап мемлекеттік БАҚ қызметкерлерінің жалақысы көбейеді. Бұл туралы Мәжілісте өткен «Масс-медиа» туралы заң жобасын талқылау жиынында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді.
«Мемлекеттік БАҚ құралында жұмыс істейтін журналистердің жалақысы көбейеді. Биыл 30 пайызға, келесі жылы да 30 пайызға, ал 2025 жылы 20 пайызға артпақ. Аталған мәселе бүгінде шешілді, ол үшін қаражат бар, – деді Қанат Ысқақов.
Жиында өңірлік БАҚ дамыту мәселесі де кеңінен сөз болды. Бұқаралық ақпарат құралдарына қосылған құн салығын алып тастауды қарастырып жатқаны да айтылды.
«Жаңа заң жобасында өңірлік БАҚ арналған грант қарастырылған. Ол қайтарымсыз әрі қаржы түрінде беріледі. Мақсат – өңірлік баспасөз құралдарын дамыту. Сонымен қатар бүгінде Ұлттық экономика министрлігімен бірге БАҚ үшін қосылған құн салығын алып тастау жағын қарастырып жатырмыз. Яғни, БАҚ қосылған құн салығынан босатылады», – деді вице-минитр Қанат Ысқақов.