Биылғы жылы алғашқы тоқсанның қорытындысы бойынша Кейінгі жылдары Қазақстанда туризм саласы үздіксіз дамып келе жатқаны байқалады. Бұл туралы бүгін Алматы облысына жұмыс сапарымен келген мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті. Қонаев қаласында облыс тұрғындарымен кездескен вице-министр еліміздегі туризм саласының дамуы мен түйткілді мәселелері туралы баяндап, мәліметтер келтірді.
Ержан Мәлікұлының дерегінше, Елімізде 2022 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер, яғни ел ішінде саяхаттайтын халық саны 25 пайызға артып, рекордтық көрсеткіш – 8,6 млн адамға жетті. Бұл 1,7 млн. Қазақстан азаматы елде көбірек демалды деген сөз.
Бұдан өзге, Қазақстанды туристік бағыт ретінде таңдайтын шетелдіктер санының да артқаны байқалады. Былтыр елімізге саяхаттаған шетелдік туристер саны 1 миллионға жуықтаған. Ал биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін өседі деген болжам бар.
Туристер санының артуы оларға қызмет көрсететін нысандардың – тұрақтайтын орын-жай, қонақүй, тамақтанатын орындар санының да көбеюіне ықпал еткен. Атап айтқанда, былтыр туристер тоқтайтын орын (қонақүй, хостел) саны 284-ға артып, артып, бүгінде 4 мыңға жуықтаған. Бұл қонақүйлерде бір мезетте 203 мыңнан астам тұрақтай алады деген сөз.