-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында жыл басынан бері 711 баланы бұралқы ит қапты

    07.06.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Өңір тынысы
    Алматы облысында жыл басынан бері 711 баланы бұралқы ит қапты

    Фото: "Дидар" газеті

    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Көше кезіп жүрген иттер мен мысықтар күнделікті көрініске айналды. Халық та үйренген. Алайда, соңғы уақытта иесіз жануарлардан зардап шеккендер саны көбейіп келеді. Оның басым бөлігі балалар. Мәселенің ушыққаны сонша, мәжіліс те бұл тақырыпты ұдайы көтеріп, шешімін іздеуде. Тіпті, Президент атына еліміздің әр аймағынан бұралқы иттер туралы шағым жиі түсе бастаған. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев “Атқарушы және жергілікті билік тиісті заңға сілтеме жасайды. Бірақ осы жолмен жүрсек, біз жағдайды бақылаудан шығарып алуымыз мүмкін. Әрине, жануарларға мұқият болуымыз керек. Алайда олардың адамдарға, әсіресе балаларға залалы тиюіне жол беруге болмайды. Сондай-ақ бұралқы иттердің шабуылынан зардап шеккендердің саны артып келеді”, – деген еді.

    Облыс көлемінде де бұл мәселе өзекті. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұртас Қиялбеков баспасөз мәслихатында келтірген мәліметінше, жыл басынан бері 1314 адам бұралқы иттен жарақат алған. Олардың 711-і 14 жасқа дейінгі балалар.

    – Облыста атқарылған жұмыстар барысында 587 иттің иелері бар екені анықталды. Ит пен мысықты ұстау ережелерін бұзғаны үшін полиция инспекторлары 553 азаматты әкімшілік жауапқа тартты. Оның ішінде 367 адамға жалпы сомасы 8,7 млн теңге айыппұл салынды. Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарлар мәселесінің алдын алу үшін 2023 жылы бюджеттен 108,2 млн тенге бөлінді, – деді басқарма басшысы.

    Сонымен қатар, жануарларға арналған уақытша ұстау пункттерінің құрылысын жүргізуге облыста 5,3 га жер телімі бөлінді. Атап айтқанда, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай және Райымбек аудандарында жер телімдерінің мемлекеттік актілері дайын, қалған аудандардың мемлекеттік актілері әзірленіп жатыр. Қаңғыған жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандырумен айналысатын мекеме тендер арқылы таңдалады. Мәселен, биыл Райымбек ауданында «Optimus» жеке кәсіпкерлігі конкурсты жеңіп алды.

    Оған қоса мәселені жүйелі шешу мақсатында Алматы қаласының әкімдігімен екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, шаһарға жақын аудандардағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Баян Мұратбекқызы,
    Қонаев қаласы

    Tags: бұралқы итит қабуқаңғыбас ит

    Ұсынымдар

    «Өнегелі ұрпақ»: қала әкімі жалғызбасты ананың халін біліп қайтты

    «Өнегелі ұрпақ»: қала әкімі жалғызбасты ананың халін біліп қайтты

    1 year ago
    “Сақ стилі” – теңгенің жаңа сериясы

    “Сақ стилі” – теңгенің жаңа сериясы

    1 year ago
    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    3 months ago
    «Таза Қазақстан» эконауқанына Алматы облысы белсенді қатысуда

    «Таза Қазақстан» эконауқанына Алматы облысы белсенді қатысуда

    1 year ago
    Жанболат Аупбаев: Журналиске тән қасиет – жанкештілік

    Жанболат Аупбаев: Журналиске тән қасиет – жанкештілік

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.