❄️
-15°C
Қонаев
Жұма, Қаңтар 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Медициналық сақтандырудың мүмкіндігі мол

    05.06.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Құқық-заң, Өңір тынысы
    Медициналық сақтандырудың  мүмкіндігі мол
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облыстық Өңірлік коммуникация қызметінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорының» Алматы облысы бойынша директоры Сәбит Пазылов баяндама жасап, осы күнге дейінгі атқарылған жұмыстармен жан-жақты таныстырды.

    Елімізде МӘМС жүйесі 2020 жылдан бастап іске қосылғаны мәлім. Осы кезеңдер ішінде сақтандырылған азаматтар саны артқан. Мәселен, биыл 1 маусымға дейін Алматы облысында 1221816 адам тіркелген. Бұл – өңір халқы санының 79,4 пайызы. Соның арқасында қор қоржынына 6,4 млрд теңге қаражат түскен.

    Сәбит Пазылов журналистерге ең алдымен МӘМС жарналарын төлеудегі өзгерістермен таныстырды. Жұмыс берушілер енді жұмыскерлер үшін жалақы мөлшерінің 3 пайызын сақтандыруға аударады. Жалдамалы жұмыскерлер мен МЖӘ (мемлекеттік жекеменшік әріптестік) шарты бойынша жұмыскерлер өз табысының 2 пайызын, салық салу салу обьектісі 10 ЕТЖ (ең төменгі жалақы) аспайтындықтан, мүмкін болатын ең жоғары жарна 14000 теңгені құрайды.

    – Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ЕТЖ-дан 5 пайыз, яғни 4900 теңге аударады. Ал өзін өзі қамтыған азаматтар: республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) мөлшері 1 АЕК, яғни 3450 теңгені құрайды, – деді спикер.

    Баспасөз мәслихатында МӘМС жүйесінің тиімділігі туралы да кеңінен сөз болды. Қазіргі таңда науқастар күрделі оталар мен жоғары дәлдіктегі диагностика жасату үшін 3-4 ай сарылып күтпейді. Бір айдың ішінде кезекке қолдары жетеді. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі күрделі оталарды аудандық ауруханада жасауға мүмкіндік туғызып отыр.

    – Бұрын күрделі ота мен қажетті медициналық көмекті алу үшін науқастар Алматыға, тіпті шет елге баруға мәжбүр еді. Ал қазір жаңа жүйе – МӘМС аудандық ауруханалардың бюджетін ұлғайтуға ықпал етті. Соның арқасында нейрохирургия, кардиохирургия және трансплантология сынды күрделі оталар аудандарда қолжетімді болды, – деді Сәбит Пазылов.

    Спикердің сөзінше, мұндай игі қадамдар Еңбекшіқазақ пен Қарасай аудандарында көрініс тапқан. Мәселен, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында жамбас сүйектерін қалпына келтіру бойынша науқасқа ота жасалған. Ал Қаскелең қаласындағы аудандық аурухана базасында алғаш рет артроскопиялық менискэктомия отасы сәтті өткен.
    Сондай-ақ баспасөз мәслихатында науқастардың өтініш-тілектеріне дер кезінде құлақ асып, кері байланыс орнату аталған қордың міндеті екені айтылды. Өткен жылы 47 308 мың өтініш келіп түскен. Оның ішінде медициналық ұйымдарға түскен шағымдардың жалпы саны 1559-ға жеткен.

    – Шағымдарды талдау нәтижесінде медициналық мекемелерде мамандар тапшылығы сезілді. УДЗ, КТ, МРТ қызметтерінде проблемалдардың бар екені анықталды, – деді Сәбит Пазылов.
    Қорыта келгенде, медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры МӘМС-ке тіркелген азаматтардың мүдделерін қорғап, медициналық мекемелердің сапалы қызмет көрсетуіне ықпал ететін болады.

    Болат МӘЖИТ,
    Қонаев қаласы

    Tags: әлеуметтік медициналық сақтандырумәмс

    Ұсынымдар

    Қонаев әкімдігі инфрақұрылым желісін тарту жұмысын бақылауға алды

    Қонаев әкімдігі инфрақұрылым желісін тарту жұмысын бақылауға алды

    2 years ago
    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туындыларын тамашалады

    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туындыларын тамашалады

    10 months ago
    Еліне сіңірген еңбегі зор

    Еліне сіңірген еңбегі зор

    2 months ago
    Үлкен спорттағы алғашқы қадам

    Үлкен спорттағы алғашқы қадам

    7 months ago
    Көше атаулары өзгереді

    Көше атаулары өзгереді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>