-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Үлкен ауылының бүгіні мен ертеңі: АЭС салынса, не өзгереді?

    23.06.2023
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Жоғары технология, Инфрақұрылым, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы, Үкімет, Экология, Энергетика
    Үлкен ауылының бүгіні мен ертеңі: АЭС салынса, не өзгереді?

    Фото: Alatau News

    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Қазақстанда АЭС салатын орын ретінде екі елдімекен қарастырылып жатыр. Оның бірі – Алматы облысындағы Үлкен ауылы. Дегенмен, стансаның ресми орны әлі бекітілген жоқ. Тілшілер ауылдың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысу үшін елдімекенге барып қайтты.

    О баста ауылда жылу электр стансасы салыну керек болған. Сол сәтте мамандарға арналған көпқабатты үйлер тұрғызыла бастаған. Алайда, Кеңес үкіметі тұсында бірқатар өзгеріс болып, құрылыс тоқтаған. Ал пәтерлерге қоныстанып үлгерген жұрт бұл жерде қалып қойған. Қазіргі таңда ауылдағы 31 үйдің көбі қараусыз қалған, бос тұр.
    Үлкенде 1648 адам тұрады. Тұрғындар негізінен балық аулаумен айналысады, балық зауытында, ауыл маңындағы электр стансасында жұмыс істейді.

    Тұрғындардың ауыл әлі де жанданатынына үміті үзілмеген. Айтуларынша, АЭС салынса, халық саны көбейіп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Қаңырап, бос қалған үйлер қалпына келіп, ауылға жаңаша әр кіреді.

    «Бұл АЭС-ті бұдан ерте салу керек еді. Біз, керісінше, уақыт ағынына үлгермей жатырмыз. Қазақстанда электр энергиясы жетпей жатыр. Сонымен қатар, АЭС салынса, жаңа технологиялар енеді. Ешқандай радиациядан, атомнан қорықпау керек», – деді Үлкеннің байырғы тұрғыны Рахима Құсманқызы. Бұл пікірмен ауыл тұрғыны Сергей Владимирович те келісіп отыр. Оның айтуынша, АЭС салу – елдімекеннің ғана емес, Қазақстанның дамуына да септігін тигізеді.

    «АЭС салынса, шетелдіктердің Қазақстанға деген көзқарасы өзгереді. АЭС экологиялық жағынан да тиімді электр энергиясын шығаратын жүйе. Кейбір адамдар уран өте қауіпті деп шағымданып отыр. Бірақ, меніңше, мұның барлығы адамдардың АЭС жұмысын білмеуінен туындаған. Сондықтан АЭС қалай жұмыс істейтінін халыққа түсіндіру қажет», – деді ол.

    Тілшілер елдімекендегі мектеп, амбулатория, пошта қызметімен де танысты. Шағын медициналық нысанда халыққа алғашқы көмек беріледі. Мұнда 2 дәрігер, орта санаттағы 6 санитар жұмыс істейді, жедел жәрдем көлігі де бар. Ем-дом қабылдау үшін тұрғындар Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағашқа жіберіледі. Амбулаторияға лаборатория және тағы бір жедел жәрдем көлігі қажет.

    Ал білім ошағында 273 бала оқып жатыр. Биыл 19 түлек 11-сыныпты аяқтаған. Оның 5-еуі «Үздік аттестат», біреуі «Алтын белгі» иегері. Мектеп штатында 45 мұғалім, 35 қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ ауылда шағын дүкен ашқан кәсіпкерлер де бар. Байқауымызша, саудалары жүріп тұр.

    Ауылда 3 балық зауыты бар екенін айта кеткен жөн. Оның біреуі ғана тауарын экспорттауға сертификат алған. Қалғаны Қазақстанды балықпен қамтамасыз етеді.

    Alatau News

    Tags: аэсҮлкен ауылы

    Ұсынымдар

    Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

    Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

    8 months ago
    Жаңа міндет жүктелді

    Жаңа міндет жүктелді

    1 year ago
    Президент тасқынмен күресте қазақстандықтарға алғыс білдірді

    Президент тасқынмен күресте қазақстандықтарға алғыс білдірді

    1 year ago
    Ертең мені атады…

    Ертең мені атады…

    2 years ago
    Жаннұр Еңсебек СДУ

    СДУ-ды таңдады

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>