-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жандарбек Мәлібеков: Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұр

    02.06.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Құқық-заң, Мәдениет, Мемлекеттік тіл, Өңір тынысы, Руханият, Саясат
    Жандарбек Мәлібеков: Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұр
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    4 маусым – Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков Алматы облысының жастарымен кездесті. Бұл туралы Alatau News сайты хабарлады. Жастармен өткен жиынға қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Жандарбек Мәлібеков пен ҚазҰУ профессоры Байқоңыр Ижановқа облыстың дамуы туралы айтты. Сонымен қатар ол рәміздер бізді ел тарихындағы ең маңызды сәттерде – ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін біріктіретінін атап өтті.

    «Жастарға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүю, Мемлекеттік Рәміздерді ардақ тұту, тіл мен дін сияқты рухани дүниелерді дәріптеуге бағытталған жұмыстарды жүргізу болашақта бірлігі мығым, саясаты берік мемлекет құрудың түпқазығы екені баршаға аян. Біз жастарды тәрбиелей отырып, ертеңгі күнгі ел мен жердің иесін тәрбиелейтінімізді ұмытпауымыз қажет», – деді облыс басшысы.

    Бұдан кейін сөз алған Елтаңба авторы былтыр ғана құрылған Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұрғанын айтып, бұл өңір бағзыдан экономикасы дамыған, басқа жерден қарағанда көш ілгері болғанын да тілге тиек етті.

    «Бұл жерден өздеріңізге белгілі «Алтын адам» табылды. Яғни, мұнда осы заманға дейін де мықты өркениет болған. Былтыр екіге бөлінген Алматы облысы қазірде Алатаудың бөктерінде жатыр. Өңір жаңа өркениет басталуының алдында тұр», – деді Жандарбек Мәлібеков.

    Сондай-ақ ол Елтаңбаның намыстан туғанын атап өтіп, естеліктерімен бөлісті.

    «Өткен заманда қазақты ешкім менсінбеді. Ата-бабаларымыз қанша ғасыр бойы тәуелсіздікті аңсап өтті. Бүгінде біздің Елтаңба 194 рәміздің ішінде геральдикасы бойынша да, басқа белгілері бойынша да 9-орында тұр. Жеріміздің кеңдігі секілді бұл рәмізде жастар да, қарттар да, тарих та, ұлттың басқа нышандары да сыйып тұр. Жалғыз шаңырақтың өзінің бірнеше мағынасы бар. Ал енді бұл Елтаңбаны мен намыстан туды деп айта аламын. Өйткені, сол кездерде Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңа ғасырға аяқ басқан. Сонда төрткүл дүниеге бәрімізді паш ететін дүние керек болды», – деді Елтаңба авторы.

    Бұған дейін де ол еліміздің бірнеше елдімекенін аралап, жастармен, оқушылармен, студенттермен кездесу өткізген. Десе де, қарт рәміздердің өз деңгейінде насихатталмай жатқанын сөз етті.

    «Құрметті, жастар сіздер болашақтың іргесін қалаушылардың қатарындасыздар. Қазір Алматы облысында еңбек етіп жатқан жастың әрқайсысы тарихта қалуы тиіс. Өйткені, жаңа өңірде қызмет етіп, маңдай терін төккен әр маманның еңбегі ерен. Ал сендерге Абайдан артық ақыл айта алмаймын. Бес нәрседен қашық, бес нәрсеге құштар болыңдар. Өзге тілде сөйлесеңдер де, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Сапалы білім алып, саналы болуға тырысыңдар», – деді Жандарбек Мәлібеков.

    Содан кейін жастар тұшымды ойымен бөліскені үшін қарияға алғыс айтты. Ал облыс әкімі құрметті қонақтарға дәстүр бойынша шапан кигізіп, сый-сияпат табыс етті.

    Tags: елтаңбамемлекеттік рәміздеррәміздер күні

    Ұсынымдар

    Шырағы сөнбейді

    Шырағы сөнбейді

    1 month ago
    Оқушылар ой жарыстырды

    Оқушылар ой жарыстырды

    4 months ago
    Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы

    Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы

    3 weeks ago
    Жаңа қызмет: ХҚКО менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден алуға болады

    Жаңа қызмет: ХҚКО менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден алуға болады

    9 months ago
    Байланыс нығаяды

    Байланыс нығаяды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>