Іле ауданының Өтеген батыр ауылында бес қабатты үйде газ баллоны жарылды.
Үйдің 3-қабатында газ баллонының жарылуы салдарынан 3 шаршы метр аумақта балкон жанып, өрт ас үйге өткен. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары дереу оқиға орнына барды.
«Газ-түтінінен қорғау қызметінің көмегімен және құтқару қалпақшасын пайдалану арқылы төртінші және бесінші қабаттардан 5 адам түтін аймағынан құтқарылды. Тағы 5 адам өздігінен эвакуацияланды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.