Алматы қаласының және Алматы облысының тұрғындары саркома ісігіне қарсы тегін дәргерлердің қабылдауынан өте алады. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммункация қызметі алаңында Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының онколог дәрігері Дәулет Айдаров пен Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың онколог дәрігері Рашид Мамедов қатерлі ісіктің алдын алу шаралары туралы брифинг барысында айтты.
Мамандардың айтуынша облыста биыл қатерлі ісікпен 9875 науқас, ал оның ішінде саркома ісігі бойынша 106 науқас тіркелген. Науқастырдың ішінен 67 адам толықтай емделіп шыққан.
Сондай-ақ мамандар аурудың пайда болу себептері мен оны емдеу жолдарын айтты. Олардың сөзіне сүйенсек, ауру дұрыс тамақтанбаудан және имуннитетінің әлсіруінен, тұқым қуалаушылықпен де пайда болады.
Саркома ісігі негізінен хирургиялық жолмен емделеді. Ісікті ота жасап алып тастау арқылы ғана бұл аурудан айығуға болады.
«Операция көлемі мен операцияға дейінгі және кейінгі кезеңнің ем-домы аурудың асқынуы мен науқастың жағдайына қарай жеке анықталуы тиіс. Сараланған емдеу әдісі 4 түрлі саркоманың түріне қарай әртүрлі болуы шарт. Шілде айы бойы елімізде жұмсақ тіндер мен сүйектердің ісіктері – саркомалар туралы халықты хабардар ету шаралары өтеді. Алматы қаласы және Алматы облысы тұрғындары клиникаға келіп дәрігерлердің тегін қабылдауынан өте алады» дейді», – Даулет Айдаров.
Саркома ісігі көлемі ұлғайғанға дейін адам ешқандай қолайсыздық сезінбеуі мүмкін. Бұл көбінесе тіндерде өте терең жатқан кейбір түзілімдер болуы мүмкін. Терең жерде орналасқан ісік түрлерін тек, ультра дыбыстық құрылғылармен тексере алады. Науқас ауру жанына батқан кезде ғана дәрігерлерге жүгінеді.
“Диагнозды растау үшін саркоманың бар-жоғын және белгілі бір кіші түрін растау үшін биопсия қажет. Бұл ісіктер өте сирек және аралас болғандықтан, биопсия үлгілерін зерттеу өте маңызды. Магнитті резонансты томография саркоманың қайда орналасқанын және түрін анықтау үшін жасалады”-дейді Рашид Мамедов.
Айта кетейік, ісікке көбінесе 30-60 жас аралығындағы адамдар шалдығады. Ал олардың 30 пайызы 30 жасқа толмаған жастар.