Қазгидромет мекеемесі 27 шілдеде ауа-райы болжамын жариялап, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталатынын, жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын және дауыл тұратынын хабарлады.
Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын жоқ, күн ашық болады. Күндіз Алматы, Түркістан, Жетісу, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Абай облыстарында, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық болады.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 42-43°С өте қатты ыстық болады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.