-13 °c
Qonaev
Saturday, July 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Кеген ауданына жаңа әкім тағайындалды

    27.07.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы, Президент, Спорт
    Кеген ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Фото: caspianlife.kz

    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев Кеген ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Жаңа әкім қызметке Қазақстан Президенті Әкімшілігінің және Кеген аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша тағайындалып отыр.

    Нұрбақыт Теңізбаев 1983 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. 2002 жылы Қ. Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт колледжін «дене шынықтыру және спорт», 2007 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясын «кеден ісі», 2007 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, күрес жаттықтырушысы», 2009 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясын «көлікті пайдалану және тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру», 2014 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «педагогика ғылымының магистрі» мамандықтары бойынша білім алған.

    Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан грек-рим күрес федерациясының спорт-нұсқаушысы болып бастаған.
    Әр жылдары Астана қаласындағы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының грек-рим күресінен спорт-нұсқаушы, Ішкі істер органдарында, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының № 12 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің әдіскері, директордың оқыту-спорт жұмыстары бойынша орынбасары, Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры қызметтерін атқарған.

    2018 жылдың қазан айынан Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымын атқарып келді.

    Нұрбақыт Молдахметұлы грек-рим күресінің балуаны, жастар арасында әлем чемпионы (Стамбул, 2003 жыл), 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. «Құрмет» орденінің иегері.

    Ұсынымдар

    КАЗАХСТАН УСКОРЯЕТ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ: АНАЛИЗИРУЕМ ПОКАЗАТЕЛИ С НАЧАЛА ГОДА

    КАЗАХСТАН УСКОРЯЕТ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ: АНАЛИЗИРУЕМ ПОКАЗАТЕЛИ С НАЧАЛА ГОДА

    2 months ago
    ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМИДЫ

    ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМИДЫ

    7 months ago
    Ислам және дәстүр: байланысы және ықпалы

    Ислам және дәстүр: байланысы және ықпалы

    1 year ago
    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    4 months ago
    Ұлы сезімнің көшбасшысы

    Ұлы сезімнің көшбасшысы

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>