-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Мәжіліс депутаттары Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапарымен барды

    04.07.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым, Құқық-заң, Өңір тынысы, Парламент, Партия, Сайлау-2023, Саясат, Экономика
    Мәжіліс депутаттары Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапарымен барды
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері – Максим Рожин мен Мақсат Толықбай Рахат ауылдық округіндегі 900 орындық мектеп құрылысымен танысты. Іс-шара партияның жол картасында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

    Жаңа білім ордасы 2024 жылы тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 7 млрд теңге. Қазіргі уақытта құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

    «Құрылыс жұмысына біз толықтай отандық өнімдерді қолданып жатырмыз. Нысанның құрылыс қарқынын апта сайын келіп, жергілікті халық қалаулылары бақылауда ұстап отыр. Сондай-ақ ғимарат келер жылдың соңына қарай толығымен пайдалануға беріледі», – деді «Bazis construction» ЖШС өкілі.

    Құрылыс жұмысын аралап көрген Мәжіліс депутаттары бірқатар мәселеге назар аударды.

    «Мердігерлер мектепті уақытында аяқтауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте мектептің құрылысы жоғарғы деңгейде болса дейміз. Сонымен бірге сапалы құрал-жабдықтармен қамтамыз етілуін, барлық стандарттарға сай болуын, яғни құрал-жабдықтарға, зертханалардың дұрыс орналасуын да бақылау қажет», – деді Мәжіліс депутаты Максим Рожин.

    Жаңа білім нысанында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалмақ. Мектепте оқу кабинеттерімен қатар, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, компьютерлік сыныптар болады.

    Сонымен қатар, халық қалаулылары әкімшілікке мемлекет қаржысына салынып жатқан нысанның сапасына ерекше мән беруді тапсырды және сала басшыларының өтініштеріне құлақ түріп, білім саласындағы мәселелерді назарға алатындарын жеткізді. Білім мекемелерінде санитарлық құралдардың толық болуы мен талаптардың қатаң сақталуы керек екенін ескертті.

    Мәжіліс депутаттары кейін ауданға қарасты Қаракемер елді мекенінде орналасқан 6654 әскери бөлім қызметшілерінің жауынгерлік қызметімен және тұрмысымен танысты.

    Мәжілісмендер бастаған топ Ұлттық ұланның сарбаздарымен жүздесті. Бөлім командирі Жандос Қасымовпен әскери қалашықты аралап, бөлім қызметшілерінің жауынгерлік қызметімен және тұрмысымен танысты.

    Командирдің айтуынша, бөлімде сарбаздарға барлық жағдай жасалған. Мұнда еліміздің түпкір-түпкірінен келген Ұлттық ұланның сарбаздары 27 мамандық бойынша оқытылады. Сонымен қатар, былтырдан бастап әскери бөлімде сарбаздар көлік жүргізуді үйреніп, «D» категориясымен жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндігі бар.

    «Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскеріміздің әлеуеті мықты болу керек. Жақында шекаралық аймақтағы әскерилермен кездестік. Жасыратыны жоқ, барлығына бірдей жағдай жасалмаған. Депутаттар олардың мәселелерін билікке жеткізіп, оң шешімін табуға барынша күш саламыз. Біз күштік құрылымға қашан да көңіл бөлуіміз қажет», – деді Мақсат Толықбай.

    Сапар барысында халық қалаулылары аудан орталығындағы өрт сөндіру бөлімін аралады. Кейін Есік қаласы мен Ташкенсаз ауылының тұрғындарымен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Тұрғындар саяжайларға ауыл мәртебесін беру туралы мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын да жеткізді. Одан бөлек, кей саяжайларда су құбыры мен асфальт, газ бен су тапшылығы бары айтылды. Мәжіліс депутаттары әр күрмеулі мәселенің шешім табуына күш салатындарын жеткізді.

    Максим Рожин мен Мақсат Толықбайға тұрғындар өздерін толғандырған түйткілді мәселелерін ортаға салды. Халық қалаулылары әр мәселенің уақытылы шешім табатынын, әр азаматтың базынасы басты назарда болатынын айтты.

    Ұсынымдар

    Конституциялық мәртебесі бар институт

    Конституциялық мәртебесі бар институт

    1 year ago
    Туризм басқармасының басшысы ауысты

    Туризм басқармасының басшысы ауысты

    1 year ago
    100-ден астам ағаш отырғызылды

    Алматы облысында 1500 гектар аумақта 3,3 млн ағаш отырғызылады

    7 months ago
    Цифрлық көшірме жобасы қауіпсідікті күшейтпек

    Цифрлық көшірме жобасы қауіпсідікті күшейтпек

    11 months ago
    2025 жылдың басынан бері 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

    2025 жылдың басынан бері 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.