⛅
24°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында “Жайлы мектеп” жобасымен 53 мектеп салынбақ

    12.07.2023
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым, Құқық-заң, Мәдениет, Өңір тынысы, Парламент, Партия, Саясат, Үкімет, Экономика
    Алматы облысында “Жайлы мектеп” жобасымен 53 мектеп салынбақ
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Мәжіліс депутаттары Максим Рожин мен Мақсат Толықбай «Amanat» партиясының фракциясымен кездесті,облыстық басқармалар басшыларымен кездесті. Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева баяндама жасап, өңірде үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесі қалай шешіліп жатқанынан хабардар етті. Оның мәліметінше, қазіргі таңда облыста 51 мектепте 87 362 оқушы, оның ішінде 15 378 оқушы үшінші ауысымда оқиды. Облыста 28 936 оқушыға орын тапшы. Ал жалпы өңірде 330 395 оқушы бар.

    Бұл мәселені жою үшін үкімет қаулысына сәйкес, облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 54 900 орындық 53 мектеп салынады. Биыл 26 мектеп құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Оның 7-інде құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Ал келесі жылы 27 мектеп салынбақ. Баяндамадан соң Салтанат Беспаеваға депутаттардың мектеп құрылыстарына қатысты қойған сауалдарына жауап берді.

    Биыл облыста «Жайлы мектеп» жобасынан бөлек, 16 мектеп салынып жатыр. Өңірдегі 68 білім ордасы мектепке бейімделген ғимаратта орналасқан, 23 мектепте оқушылар тозығы жеткен, ескірген ғимаратта білім алуға мәжбүр.

    Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі “жемқорлардан тәркіленген” қаражатқа облыстарда салынатын мектептердің тізімін жариялаған. Ол бойынша Алматы облысында 10 мектеп салынбақ.

    Облыста мектеп тапшылығы өзекті мәселе екенін өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында айтқан. Оның сөзінше, облыста бірінші сынып оқушыларының жыл сайынғы өсімі 13 мың баланы құрайды, демек, жыл сайын кем дегенде 13 мектеп салынуы тиіс. Әкімнің дерегінше, облыс халқының үштен бірі немесе 478 мың адам – мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушылары.

    Tags: "Жайлы мектеп"үш ауысымды мектеп

    Соңғы жаңалықтар

    Әскердегі мемлекеттік тіл – бірліктің тірегі
    01.04.2026
    Қанат Есболатов Қонаевтағы нысандарды аралады
    01.04.2026
    Алматы облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
    01.04.2026
    Алматы облысында кене энцефалитіне қарсы 5000-нан астам адамға екпе салынды
    01.04.2026
    Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты
    01.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>