⛅
25°C
Қонаев
Бейсенбі, Қыркүйек 11, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Министрлік лагерь сөзін өзгертуді пысықтап жатыр

    18.07.2023
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Парламент, Үкімет
    Министрлік лагерь сөзін өзгертуді пысықтап жатыр
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Оқу-ағарту министрлігі лагерь сөзін орталық атауымен өзгерту мәселесін пысықтап жатыр.

    Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев балалар лагерін жазғы сауықтыру орталығы сөзімен ауыстыру керектігін алға тартып, Оқу-ағарту министрінің атына сауал жолдаған еді.
    Оның айтуынша, лагерь сөзі тарихта жаман атпен қалған. Оны құлаққа жағымды естілетін басқа сөзбен алмастыратын уақыт жетті дейді депутат.

    «Аты қорқынышты Карлаг, Алжир лагерлерінің пайда болу тарихы баршаға мәлім. Сондықтан ұлттық сана-сезімді жаңғыртуда лагерь атауын алмастырудың мәні зор деп білемін. Лагерь емес, жазғы демалыс орны немесе сауықтыру орны дегеніміз жөн», – дейді Дәулет Мұқаев.

    Министрлік тарапынан халық қалаулысының сұрағына мынадай жауап келген.

    «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы «ҚР Білім және министрінің 2013 жылғы 22 ақпанындағы №50 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда «лагерь» атауын «орталық» атауымен алмастыру мәселесі пысықталуда», – делінген деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Осындайда классик жазушы Бердібек Соқпақбаевтың балалар лагеріне барған сапары еске түседі. Балалар ойларында ештеңе жоқ, атақты жазушыға: «Ата, сіз лагерьде болдыңыз ба?» деп сұрақ қойыпты. Сонда қаламгер: «Болдым, бірақ ол тұқымың құрғырдың аты жаман еді» деп айтқан екен.

    Ұсынымдар

    Қонаевта көпқабатты үйдің шатыры өртеніп, 210 адам эвакуацияланды

    Қонаевта көпқабатты үйдің шатыры өртеніп, 210 адам эвакуацияланды

    2 years ago
    Шарын тұрғындарына газ қосылды: Ұйғыр ауданында газбен қамту желісі кеңейіп жатыр

    Шарын тұрғындарына газ қосылды: Ұйғыр ауданында газбен қамту желісі кеңейіп жатыр

    1 month ago
    Фотоөнерге қызығасың ба?

    Фотоөнерге қызығасың ба?

    4 months ago
    Алматы облысында екі ауыл тұрғындары: Жаңа медициналық пункт сапасыз салынды

    Алматы облысында екі ауыл тұрғындары: Жаңа медициналық пункт сапасыз салынды

    3 years ago
    Түлектер тарту еткен аялдама

    Түлектер тарту еткен аялдама

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>