-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

    23.07.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Инфрақұрылым, Мәдениет, Өңір тынысы, Туризм және саяхат, Үкімет, Экология, Экономика
    Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

    Фото: ognialatau.kz

    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында I Халықаралық медиа және туризм форумы өтіп жатыр. 21 шілдеде басталып, 23 шілдеде аяқталатын форумға «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры, Алматы облысының әкімдігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Мәдениет министрлігі бірлесіп ұйымдастырған шараға әлемнің 16 елінен 200-ден астам БАҚ өкілдері мен қонақтар шақырылған.

    Туризмнің даму келешегін талқылауға жиналғандар қатарында Ұлыбритания, Еуропа Одағы елдері, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан мен Қырғызстаннан, еліміздің өңірлерінен келген журналистер, баспасөз қызметінің өкілдері мен PR менеджерлері бар.

    Форумның ашылуында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының басшысы Нәзия Жоямергенқызы сөз сөйледі.

    Форумның ашылу салтанатында сөз алған облыс Әкімі Марат Сұлтанғазиев шетелдік туристерде елдің жағымды келбеті мен сенімін қалыптастырудың ерекше маңызды екеніне тоқталды.
    -Алматы облысы барлық елдің журналистерімен өзара ынтымақтастық орнату мәселелерінде ашық екенін әлденеше рет танытты және бұл ұстанымынан айнымайды, – деді облыс әкімі.

    Іс-шараны ұйымдастырушы, «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының басшысы Нәзия Жоямергенқызы пандемиядан кейін әлемде туризм қайта қалпына келіп қана қоймай, қарқынды дамып келе жватқанын, былтыр бұл саладан түскен табыс 50 пайызға артып, 1 трлн долларға жеткенін айтты.

    – Алматы облысы – ежелгі қазақ салт-дәстүрлері, ғұрыптары мен тарихы дамыған негізгі аймақ. Сол себепті форумды биыл осы облыста ұйымдастырдық. Тамыз айында мұнда Анталиядан журналистер келеді деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, аймақ басшысының қолдауымен тағы бір үлкен шара өтеді. Ол шарада туризмді дамыту, инвестиция тарту сияқты мәселелер қаралады. Шетелге шыққан жақсы, дегенмен Қазақстанның өзінде саяхаттауға болатын орындар жетерлік. Сондықтан да ішкі туризмді дамыту мақсатында әлеуметтік желілерде еліміздің табиғатын кеңінен насихаттап, көрсетуге шақырамын», – деді Нәзия Жоямергенқызы.

    Алматы облысының туризм саласы елімізде ішкі туристер саны, сырттан келген туристер саны бойынша көшбасшылар қатарында. Мұндай жетістікке жетуде ақпарат құралдарының атқаратын рөлі жоғары. Туризмнің дамуына имидждің қаншалықты әсерлі екенін өлшеу қиын, алайда бұл бағытта дұрыс жұмыс атқарылмаса өңірдің туристер үшін тартымдылығы азаяды.

    Облыс әкімі қазіргі заманда әлемде туризм бәсекесінде аймақтың ақпараттық ресурстары мен олардың беделі өте маңызды рөл атқаратынын айтты. «Ақпараттың үстемдігі» дәуірінде аймақ туралы белгілі бір көзқарас пен түсініктің қалыптасуына дәл осы БАҚ-тың үлесі зор екеніне күмән жоқ. Медиа форумның негізгі тақырыбы да БАҚ-тың осы ықпалы мен мүмкіндіктері туралы болды. Қатысушылар форумда ішкі туризмді дамыту, медиа, индустриядағы PR технологиялар, контент түзудің ерекшеліктерін талқылады.

    Ұсынымдар

    Облыс әкімі тұрғындарды республика күнімен құттықтады

    Облыс әкімі тұрғындарды республика күнімен құттықтады

    2 years ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Алматы облысында 29 мың жаңа жұмыс орны құрылды

    10 months ago
    Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады

    Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады

    2 years ago
    Болашақ үшін таңдау жасадым

    Болашақ үшін таңдау жасадым

    8 months ago
    Газет иісін сағынамыз

    Газет иісін сағынамыз

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>