Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг департаменті акциздік төлем жасамай астыртын сатуға арналған 2 млн аса шетелдік темекі қораптары сақталған қойма тапты.
Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңге, ал төленбеген акциз соммасы 580 млн теңгені құрайтыны анықталды.
Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына, яғни техникалық талаптарға сәйкес келмегендіктен жойылды.
Агенттік Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияламады.