Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі медальмен толықты. Ел құрамасынан 2 тамызда ушу спортынан Бексұлтан Қоскенов (60 келі) ерлер арасында жартылай финалда Ма Йигуге 0:2 есебімен жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтты. Ал Айгерім Төреханова (60 келі) жартылай финалда түркиялық Берне Туттан жеңіліп қалды.
Қазірге дейін қазақстандық спортшылар 13 медаль жеңіп алды. Оның 1-еуі алтын, 5-еуі күміс, 7-еуі қола.
Жазғы универсиада 28 шілдеде басталып, 8 тамызға дейін созылады. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түсіп жатыр.
Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 10-орында келеді.
Қытай құрамасы жиыны 50 (30-10-10) медальмен көш басында тұр. Одан кейінгі орындардағы Оңтүстік Кореяның 39 (15-12-12), Жапонияның 32 (14-8-10) медалі бар.