Алматы облысындағы Іле-Балқаш резерватында науадан су ішіп тұрған қарқұйрықтар фототұзаққа түсіп қалды. Кызыл кітапқа енген жануарларға сүйсіне қарайсыз.
Іле-Балқаш резерваты жануарлар мен өсімдіктердің эндемикалық түрлерімен, сондай-ақ жайылма, сексеуіл ормандарынан сулы-батпақты жерлерге дейінгі алуан түрлі табиғи экожүйелерімен ерекшеленеді.
Мұнда 40-қа жуық сирек кездесетін жануарлар мен 429 өсімдік түрі бар. Олардың көпшілігі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Қорықта жабайы аңдарға арнайы биотехникалық жұмыстар жүргізіледі. Құдық басындағы науалар суға толтырылып, арнайы фототұзақтар орналастырылған. Соның бірінен қарақұйрықтардың су ішіп тұрғанын көресіз.
ХХ ғасырдың ортасына қарай олардың саны күрт азайып кеткен. Сондықтан мемлекет жануарларды ерекше қорғауға алады. 1978 жылы қарақұйрық Қызыл кітапқа енгізілген.
Осындай қамқорлықтың арқасында бүгінде қарақұйрықтардың саны едәуір өскен. Жануарлар өзіндік ерекшелігімен қорықты одан сайын байытып тұр.