Алматы облысында Шарын шатқалындағы жартастан құлап кеткен ресейлік әйел құтқарылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Әйелді Алматы облысы ТЖД құтқарушылары арнайы техниканың көмегімен жоғарыға алып шығады.
«2023 жылғы 20 тамызда түнгі сағат 02.00-ден бастап Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын каньонындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған», – деді Төтенше жағлайлар министрлігі баспасөз қызметінен.
Ресейлік турист Шарын шатқалына 2023 жылдың 19 тамызында сағат 18.00 шамасында Алматы қаласындағы достарымен келгені анықталды.
ТЖД азаматтарды туристік серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.