Алматы облысында қытайлық Jiangxi Copper Corporation компаниясының қатысуымен вольфрам кенін өндіру және өңдеу жобасы іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің шетелдік инвесторлармен кездесуінде мәлім болды. Облыс әкімдігі мен Jiangxi Copper Corporation компаниясы өкілдері қол қойған ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға сәйкес, компания Еңбекшіқазақ ауданынының Сөгеті ауылы маңында кеніштен вольфрам кенін өнеркәсіптік мақсатта игереді.
Jiangxi Copper Corporation – Қытайдағы ең ірі мыс өндіруші саналады. Компания мыс өндіру, мысы бар, оның ішінде оның ішінде пирит концентраты, күкірт қышқылы, электролитті алтын мен күмісі бар кенді жоңғылау, балқыту және өңдеумен айналысады. Компания жыл сайын 340 мың тонна мыс өндіреді.
Өңір билігінің есебінше, жоба жүзеге асса облыс экономикасына 135 млрд теңге инвестиция тартьлып, 350 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Кенішті игеру жобасы 2024 жылы іске асырылып, жылына 3300 тоннадан астам кен өндіріледі деп жоспарланып отыр.
Tengrinews.kz