«Қазгидромет» республикалық мекемесі 28 тамыздаеліміздің басым бөлігінде ауа-райы бұзылатынын хабарлады.
Синоптиктердің болжауынша, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды ағындардың өтуіне байланысты ауа райы бұзылады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғады, бұршақ жауады. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігі мен орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады) болуы, желдің екпіні таулы аудандарда секундына 15-20 метрге,кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетуі ықтимал. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі.