Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында 30 тамыз Конституция күні» мерекесіне орай 120 тұрғынға баспана кілті берілді.
Тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтерген. Аталған үй түрлі санаттағы азаматтарға сатып алу құқығынсыз жалға берілген.
Атап айтсақ, көп балалы отбасылар санаты бойынша 26 адам, халықтың әлеуметтiк жағынан аз қамтылған топтары санаты бойынша 35 адам, жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатымен 20 адам, мемлекеттік қызметкер санаты бойынша 24 адам пәтермен қамтамасыз етілді.
Тұрғынүйді 783 миллион теңгеге «Капстройгрупп-Т» ЖШС тұрғызған.
Ресми есеп бойынша, ауданда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде 4717 адам кезекте тұр.