-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Дәрігерлер өңешіне сүйек қадалған әйелді құтқарды

    17.08.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Өңір тынысы
    Дәрігерлер өңешіне сүйек қадалған әйелді құтқарды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Алматыдағы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері сүйек жұтып қойған әйелді аман алып қалды.

    Науқас ауруханаға іші ауырып, тамағы жұтындырмай, тынысы тарылып, қиналған күйде түседі. Ол дәрігерлерге төрт күн бұрын тамақ ішіп жатып байқаусызда сүйек жұтып қойғанын айтады.

    «Сүйек тамағыма кетіп қалғанда мен дереу өзіміздің аудандық ауруханаға бардым. Олар тексере келе мені амбулаториялық емделуге жіберді. Бірақ тамағымның ауырғаны сол күйі кетпеді. Сосын жеке клиникаға бардым, олар мені облыстық ауруханаға жіберді», – дейді науқас.

    Дәрігерлер әйелді медициналық аппаратпен жіті тексеріп, өңештің іш қуысының шырышты қабығында өткір сызықтық жыртылулары пайда болғанын анықтайды.

    «Бастапқыда хирургиялық жолмен сүйекті алып тастағымыз келді. Өйткені, шырышты қабық жарылған және сүйектің өңеште қадалып тұрғанына төрт күннен астам уақыт болған. Бірақ, консилиум эндоскопиялық емдеу әдісін жүргізу туралы шешім қабылдады», – дейді клиникалық-диагностикалық бөлімшенің дәрігері Данияр Қожантайұлы.

    Дәрігерлер эндоскопиялық әдіспен өңеште тұрып қалған сүйекті алып тастайды. Бұл әдіс хирургиялық пышақты қажет етпегендіктен, жарақаттанған жердің тез жазылуына септігін тигізеді. Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

    Айта кетейік, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері диагностика мен емдеудің аз инвазивті эндоскопиялық әдістерін кеңінен қолданады, олар көптеген жағдайларда классикалық жедел хирургия әдістерін тиімді алмастырады.

    Ұсынымдар

    Қарияларға құрмет

    Қарияларға құрмет

    8 months ago
    Президент: Құмар ойындарға шектеу күшейеді

    Президент: Құмар ойындарға шектеу күшейеді

    2 years ago
    Алматы облысы: Мәжілісмендер азаматтарды қабылдайды

    Алматы облысы: Мәжілісмендер азаматтарды қабылдайды

    1 year ago
    Келісім көкжиегі кең

    Келісім көкжиегі кең

    1 year ago
    Бас жоспарға өзгеріс енгізіледі

    Бас жоспарға өзгеріс енгізіледі

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>